Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі кеңесі: өзекті мәселелер мен шешімдер
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі кеңесі: өзекті мәселелер мен шешімдер
Бүгін Бурабай ауданында өткен кеңесте Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
Іс-шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары, Бас прокурордың орынбасары және мүдделі ведомстволардың -туризм және спорт, көлік, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері қатысты. Онда басты назар - инженерлік-құрылыс жобаларын аяқтау және курорттық аймақты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеу мәселесіне аударылды.
Жиынды ашқан облыс әкімі Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында ЩБКА дамуының жаңа көрінісі ұсынылды.
Президенттің Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев ЩБКА-ны дамыту бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы айтты. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту және танымал ету перспективалары туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтып берді. Ол сондай-ақ аймақтың туристік индустриясындағы ағымдағы және жоспарланған іс-шаралар туралы есеп берді.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ведомствоның жоспарында – жолаушылар маршруттарының санын екі есеге, оның ішінде әуе және теміржол тасымалдарының санын ұлғайту жайы қарастырылған.
Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский курорттық аймақты дамыту жоспарының үш кезеңі аясында жүзеге асырылып жатқан инженерлік инфрақұрылым жобаларының мәртебесі туралы хабарлады: Бурабай кентінде инфрақұрылымдық желілерді жүргізу, су құбырлары мен жылу желілерін жаңғырту жағдайын кеңінен баяндап берді .
Спикерлер сондай-ақ курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту және цифрлық технологияларды енгізу, туризм саласының инвестициялық әлеуеті, экологиялық тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік туралы талқылады.
«Бізге курорттық аймақты дамытудың жаңа кешенді жоспарының негізін құрайтын тұжырымдамалық жаңа тәсіл мен нақты іс-әрекеттер қажет. Бурабай тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де танылатын туристік брендке айналуы тиіс», - деп атап өтті М.Ахметжанов.
Кеңес соңында Щучье-Бурабай курорттық аймағының елдің жетекші туристік кластері ретіндегі позициясын одан әрі нығайту үшін алға қойылған жұмыс бағыттары мен жүктелген міндеттерді іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.
Совещание по развитию Щучинско-Бурабайской курортной зоны: актуальные вопросы и решения
Актуальные вопросы развития Щучинско-Бурабайской курортной зоны рассмотрены сегодня на совещании в Бурабайском районе.
В мероприятии приняли участие аким области Марат Ахметжанов, Заместитель Управляющего делами Президента РК, заместитель Генерального прокурора и заинтересованных ведомств – Министерств туризма и спорта, транспорта, экологии и природных ресурсов, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.
В центре внимания – аспекты завершения инженерно-стротельных проектов и разработка Комплексного плана развития курортной зоны.
Открывая совещание, глава региона отметил важность исполнения поручений, озвученных Главой государства. В ходе мероприятия было предложено новое видение развития ЩБКЗ.
Заместитель Управляющего делами Президента Рустам Баялиев рассказал о взаимодействии государственных органов по развитию ЩБКЗ. О перспективах развития и популяризации Щучинско-Бурабайской курортной зоны рассказал вице-министр туризма и спорта РК Ержан Еркинбаев. Также он представил отчёт о текущих и планируемых мероприятиях в туристической отрасли региона.
Вице-министр транспорта Талгат Ластаев подробно остановился на аспектах развития транспортной инфраструктуры курортной зоны. В планах ведомства – увеличение количества пассажирских маршрутов в два раза, в том числе авиа- и железнодорожных перевозок.
Руководитель управления туризма Акмолинской области Андрей Подгурский сообщил о статусе незавершенных проектов инженерной инфраструктуры, осуществляемых в рамках трех этапов Плана развития курортной зоны: проведение инфраструктурных сетей в пос. Бурабай, модернизация водопроводных и тепловых сетей.
Спикеры также говорили о развитии транспортной инфраструктуры курортной зоны и внедрении цифровых технологий, инвестиционном потенциале сферы туризма, экологической устойчивости и общественной ответственности.
«Нам необходим концептуально новый подход и конкретные действия, конторые лягут в основу нового комплексного плана развития курортной зоны. Бурабай должен стать туристическим брендом, который будут узнавать не только в Казахстане, но и в других странах», – отметил М. Ахметжанов.
В завершение совещания определены направления работы для дальнейшего укрепления позиций Щучинско-Бурабайской курортной зоны как ведущего туристического кластера страны, а также конкретные сроки для реализации поставленных задач.
Пресс-служба Акимата Акмолинской области