Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Мемлекеттік тіл - менің тілім!

​Мемлекеттік тіл - менің тілім!

Қазақ тілі өте бай, құнарлы тіл. Соны сақтау, қастерлеу өзімізге сын.Қазір мемлекеттік тілдің жағдайы жақсара бастағанын, мемлекеттік тілге құрмет ар­тып, тіпті, еліміздегі өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үй­ре­нуге ден қоюда. Бұл арада бастысы халықтың өзінде қа­жеттілік, сұраныс болуы тиіс.

Тіл тағдыры - ұлт тағдыры, тіл тарихы – ел тарихы. Осы бір сөздің астарында үлкен мән жатыр. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов «Ұлттың сақталуы мен жоғалуына да себеп болатын-халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»,-деген болатын. Тілдің қолданыс аясын кеңейтетін де сақтайтын да халықтың өзі. Адамды әлеуметтік ортамен, төл болмысымен біріктіріп, ел азаматы ретінде қалыптастыратын ана тілі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің маңызын атап өткені баршамызға белгілі. Ал мемлекет құраушы ұлттың төл құндылықтары: тіл, атамекен, дін мен дәстүр, мәдениет, тарих арқылы қалыптасады. Аталған құндылықтардың ішінде тіл мен жердің алатын орны үлкен. Жер ұлтқа өсіп өркендеу үшін, тіл мемлекет иесі -ұлттың тұтастығын, болмысын сақтау үшін қажет. Ұлт тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.

Мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі орны мен қолданылуы туралы аз айтылып та, аз жа­зылып та жатқан жоқ. Алайда, еліміздегі тілдік идеология, тілдік саясат орыс тіліне, орыс тілділердің сұранысын қанағаттандыруға ғана басымдық беруде. Солардың көңілін аулап, бабын тапсақ, елде сыйластық пен келісім орнайды деген қағида үстем болып келеді. Мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты қазақстандық қоғам бүгінгі күні тілдік принцип бойынша қа­зақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінуде. Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайықты болмауының бір себебі – қазақ хал­қы тұрғындардың 70 пайызына жуығын құраса да, қазақ тілінде «ана тілі» ретінде сөйлейтін қазақтардың санының төмен болып қала беруінде.Сондықтан бүгінгі күні тіл саясатын асқан көрегендікпен жүргізу – мемлекетіміздің қалыптасуын және оның қауіпсіздігін жүйелі түрде жүргізудің басты шарты.

Тіл саясатын жүргізу дегеніміз – мемлекетке атау берген, сол елдің көпшілігін құрайтын ұлттың мүддесін қорғау, саны басым ұлтпен санасу. Мемлекеттегі ресми шаралар, ұлтаралық және қоғамдық қарым-қатынастың барлық аясындағы кездесулер тек қана мемлекеттік тілде кедергісіз өткізілуі тиісті. Мемлекеттік тілдің ресми функциясы сол тілдің өзінде болуы тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі де тек мемлекеттік тіл болғаны жөн. Сонда ғана «Тіл туралы» заңда көрсетілген «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы» болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерудің сұранысына, мемлекеттік тілді білу қажеттілігіне, тілдік орта қалыптастырудың алғы шарттарына қол жеткізетін боламыз.

Мемлекеттік тіл – ерекше рухани құндылық. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 30-бабына, Азаматтық процестік кодексінің 14-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында қылмыстық және азаматтық сот ici мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттік тiлмен қатар орыс тiлі және басқа тiлдер қолданылады» делінген. Қазір елімізде демографиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлттың саны 70 пайызға көтерілгенін, мемлекеттік тілдің қолдану аясы күннен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айнала бастағаны иісі қазақ ағайындардың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маман сот-мәжілісінің хатшысы Заит Жанел Жанболатқызы

15:21
166
Нет комментариев. Ваш будет первым!