Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Ганнибал» және «Доктор Стренж» және фильмдерінің жұлдызы Comic Con Astana хэдлайнері болады

​«Ганнибал» және  «Доктор Стренж» және фильмдерінің жұлдызы Comic Con Astana хэдлайнері болады

Comic Con Astana фестивалінің ұйымдастырушылары жұлдызды хэдлайнерлердің біріншісін жариялады: бұл – бүкіл әлемге «Ганнибал» сериалымен, сондай-ақ «Доктор Стренж», «Казино Рояль», Rogue One: A Star Wars Story, Indiana Jones and the Dial of Destiny фильмдерімен танымал дат актері Мадс Миккельсен.

Голливудтағы ең сұранысқа ие еуропалық актерлердің бірі, «А» санатындағы жұлдыз Мадс Миккельсен жоғарыда аталған жобалардың барлығында ойнаған даулы антагонист кейіпкерлердің рөлдерімен кең аудиторияға танымал.

2020 жылы актердің «Фантастикалық аңдар және олар қайда мекендейді» франшизасының «Фантастикалық аңдар: Дамблдор құпиялары» триквеліндегі Геллерт Гриндельвальд рөліндегі Джонни Депті алмастыратыны белгілі болды.

Миккельсеннің фильмографиясындағы басқа маңызды жобаларға Николас Виндиң Рефннің «Дилер» қылмыстық драмасы және оның жалғасы, «Коко Шанель мен Игорь Стравинский» және At Eternity's Gate өмірбаян фильмдері, «Титандар қақтығысы» және «Мушкетерлер» экшн-шытырман фильмдері, «Хаос серуен» фантастикалық блокбастері, «Арктика» аман қалу туралы триллер, «Патша қылышы» тарихи драмасы және т.б. жатады.

Мадс Миккельсеннің белгілі дат кинематографисі Томас Винтербергпен сәтті серіктестігін атап өткен жөн. Винтербергтің «Аңшылық» психологиялық драмасындағы жұмысы үшін Мадс Миккельсен Канн кинофестивалінің «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы сыйлығымен марапатталды. Кейінірек ол Винтерберг түсірген тағы бір Another Round комедиялық драмасында басты рөлді сомдады. Фильм «Үздік шетелдік фильм» номинациясында «Оскар» жүлдесін жеңіп алды және Мадс Миккельсенге беделді кинофестивальдерде, соның ішінде Еуропа киноакадемиясында жеңіс сыйлады, сондай-ақ BAFTA жүлдесіне үміткер болуға мүмкіндік берді.

«Ганнибал» телехикаясындағы Ганнибал Лектердің рөлі үшін Миккельсен телевизиядағы үздік ер актер ретінде «Сатурн» сыйлығымен марапатталды. Миккельсен түрлі киножүлделер мен фестивальдерде барлығы 50-ге жуық марапатқа ие болды.

Бейне ойындар әлемінде Миккельсен Death Stranding ойынындағы Клиффорд Унгер кейіпкерін дауыстап, сомдау арқылы (қозғалысты қармау тәсілі) өзін көрсетті. Ол сондай-ақ Рианнаның Bitch Better Have My Money әніне түсірген бейнебаянына түсті.

Актердің алдағы жобаларының қатарында Сигурни Уивер мен Давид Дастмалчянмен бірге түсетін Dust Bunny хорроры бар. Жобаның авторы және режиссері Ганнибал авторы Брайан Фуллер болады.

Есіңізге сала кетейік, Comic Con Astana – комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль. Шара Қазақстанның елордасы Астанада 25-28 шілде аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

2024 жылы ауқымды іс-шараға тағы да халықаралық студиялар, продюсерлер, әлемдік блогерлер мен кәсіби косплей-әртістер қатысады.

Фестиваль бағдарламасында кездесулер мен қолтаңба-сессиялар, премьералар, арнайы көрсетілімдер мен презентациялар, косплей-шоулар, комикстер аллеясы, музыкалық әртістердің және би топтарының өнер көрсетуі болады. Әлемдік студиялар фестиваль алаңында өздерінің интерактив және ойын-сауық стендтерін ұсынады.

Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі жүлде қоры 12 000 000 теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы болмақ. Оған қатысуға 14 елдің косплейшілері өтініш білдірді: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, БАӘ, Қытай, Гүржістан, Черногория, Ұлыбритания, Армения, Кипр және Таиланд.

Фестиваль алаңында төлем картасы ұсынылатынын айта кетейік - DC және «Рик пен Морти» эксклюзив дизайнында Freedom Bank ұсынған SuperCard.Freedom Bank Comic Con Astana фестивалінің ресми серіктесі атанды. Халықаралық косплей байқауы аясында банкпен бірге арнайы номинация енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар фестиваль серіктестерінің қатарына үстел ойындарының бөлшек сауда дүкендер желісі Hobby Games кірді. Компания Otaku Zone аймағына қатысады және үстел, рөлдік ойындар (азиялық гик-тақырыппен) бойынша турнирлер өткізеді және жаңа «Космобюро» ойынын ұсынады.

MARWIN family shop желісі бөлек аймақта көрсетіледі. Компания өз алаңында Funko және Lego брендтерінің ойыншықтарын сататын Pop Up Store дүкенін ашады, Hot Wheels Skate көмегімен керемет трюктер көрсетеді, тіпті аты аңызға айналған Barbie қуыршағының 65 жылдығын атап өтеді.

Сондай-ақ бағдарламада PlayStation 5-теMortal Kombat 1 ойынын ойнау мүмкіндігі, The Scum Villain's Self-Saving System кітабының иллюстраторымен кездесу және Royal Talens бояуларымен Хаяо Миядзаки стиліндегі сандар бойынша тамаша туындылар жасау қарастырылған.

Билеттерді Comic Con Astana ресми сайтында, сондай-ақ ticketon.kz және sxodim.com қызметтерін пайдалана отырып сатып алуға болады.

15:46
136
Нет комментариев. Ваш будет первым!