Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

​Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ернар Жаркешов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ернар Серікбайұлы Жаркешовтің төрт жоғары білімі бар, АҚШ-тағы Гарвард университетін, Дж. Кеннеди атындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне, Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебін «мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне, Ұлыбританиядағы Бирмингем Университетін «мемлекеттік саясат, үкімет және менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне (үздік диплом first class honours) (Болашақ стипендиясы бойынша) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне оқып, тәмәмдаған.

Еңбек жолын ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде тағылымгер ретінде бастаған. Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде ассистент-зерттеуші болып жұмысын жалғастырған.

2011-2017 жж. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылымдарында бас маман, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінде жобалар портфелінің жетекшісі болып жұмыс істеген.

2017-2023 жж. Қазақстандық ірі жекеменшік консалтинг компаниясының бас директоры, Біріккен Араб Әмірліктерінде Whiteshield Partners халықаралық консалтинг компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры және бизнесте басшы қызметтерін атқарған.ҚР, БАӘ және ТМД елдерінде экономикалық және инвестициялық саясат, Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет («А» корпусын құруды, әкімдіктердің ұйымдық-функционалдық трансформацияларын, мемлекеттік акселераторларды, ҚР Үкіметінің Ұлттық Жобалау кеңсесін және т.б. қоса алғанда) саласындағы реформаларды іске асыруға қатысты.

2024 жылғы ақпаннан бастап - ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі (штаттан тыс).


Назначен заместитель акима Акмолинской области

По согласованию с Администрацией Президента распоряжением акима Акмолинской области Ернар Жаркешов назначен заместителем акима Акмолинской области, передает пресс-служба акима области.

Жаркешов Ернар Серикбаевич имеет четыре высших образования, окончил Высшую школу государственного управления имени Дж. Кеннеди Гарвардского университета, США, со степенью магистра государственного управления, Высшую школу государственной политики им. Ли Куан Ю Национального Университета Сингапура, со степенью магистра государственной политики, Университет Бирмингема, Великобритания, со степенью бакалавра государственной политики, правительства и менеджмента, и Казахский университет экономики, финансов и международной торговли им. Т.Рыскулова по специальности «финансы» программы бакалавриата.

Трудовую деятельность начал стажером в Администрации Президента РК, в Отделе государственного контроля и организационно-кадровой работы. Далее работал Ассистентом-исследователем в Высшей школе государственной политики им. Ли Куан Ю Национального университета Сингапура.

В 2011 – 2017 гг. работал главным экспертом в структурах Министерства экономического развития и торговли РК, заместителем директора, директором Научно-исследовательского института Академии государственного управления при Президенте РК, руководителем портфеля проектов в Программе Развития Организации Объединенных Наций в Казахстане.

В 2017 – 2023 гг. - Генеральный директор и управляющий партнер Центра стратегических инициатив СSI, Директор по странам Евразии международной консалтинговой компании Whiteshield Partners в г. Дубай, ОАЭ, а также руководил коллективами в коммерческих структурах. Участвовал в реализации реформ в сфере экономической и инвестиционной политик, государственного управления и государственной службы (включая создание корпуса «А», организационно-функциональные трансформации акиматов, государственные акселераторы, Национальный проектный офис Правительства РК и др.) в РК, ОАЭ и странах СНГ.

С февраля 2024 года - советник Председателя Сената Парламента РК (внештатный). 

11:20
198
Нет комментариев. Ваш будет первым!