Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Слово пацана» сериалының жұлдызы Comic Con Astana-ға келеді

​«Слово пацана» сериалының жұлдызы Comic Con Astana-ға келеді

Comic Con Astana-ның арнайы қонақтарының қатарында «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған актер Рузиль Минекаев бар.

Жора Крыжовниковтың атышулы сериалындағы Марат рөлімен танымал Рузиль Минекаев ІІІ халықаралық фестиваль аясында жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба-сессия өткізеді.

Сериалдағы Рузиль Минекаев пен Леон Кемстача кейіпкерлерін киносыншы және «Кинопоиск» аға редакторы Василий Корецкий жазбасында «Слово пацананың басты жаңалығы» деп атады.

Минекаевтың фильмографиясындағы басқа жұмыстарға «Смычок», «Напарники» сериалдары және жуырда шығатын «Подслушано в Рыбинске» жобасы кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Comic Con Astana – комикс, кино, видео-ойындар, аниме және заманауи танымал мәдениеттің басқа да бағыттарына арналған фестиваль.

2024 жылы ауқымды іс-шараға тағы да халықаралық студиялар, продюсерлер, танымал блогерлер мен кәсіби косплей-әртістер қатысады.

Фестиваль бағдарламасында кездесулер мен қолтаңба-сессиялар, премьералар, арнайы көрсетілімдер мен презентациялар, косплей-шоулар, комикстер аллеясы, музыкалық әртістердің және би топтарының өнер көрсетуі болады. Әлемдік студиялар фестиваль алаңында өздерінің интерактив және ойын-сауық стендтерін ұсынады.

Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі – жүлде қоры 12 000 000 теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы болмақ.

Comic Con Astana-2024 аясында тағы да Голливуд жұлдыздарының қатысуы күтілуде. 2019 жылы фестивальдің басты хедлайнері «Тақтар таласы» сериалындағы Эурон Грейджой рөлін сомдаған Пилу Асбек болған. 2023 жылы іс-шараның басты кейіпкерлері «Галактика сақшылары» мен «Кек алушылар: Финал» жұлдыздары Шон Ганн мен Майкл Рукер және «Фантастикалық аңдар: Дамблдор құпиялары» фильмінің актері Александр Кузнецов болды.

Фестивальдің арнайы қонақтарының қатарында видеоблогер Chuck Review, Anastasiz және Ян Топлес, дубляж актерлері Всеволод Кузнецов, Петр Гланц, Ислам Ганджаев, Егор Васильев және суретші-иллюстратор Джуни (Djuney9) бар.

«Ведьмак» жанкүйерлері үшін жағымды тосынсый Maul Cosplay атымен танымал германиялық атақты Геральт косплейшісі Бен Шамның қатысуы болады.

Сонымен қатар конвентке драмаларды, сондай-ақ корей фильмдерін аударуға және дубляж жасауға маманданған танымал SoftBox студиясының негізін салушылар және ресми дауыс берушілер Ханзада Лимон мен Аконья қатысады. Ханзада Лимон мен Аконя - қазақстандық ерлі-зайыптылар, дарынды дубляж актерлері Юрий мен Аруна Ким.

Билеттерді Comic Con Astana ресми сайтында, сондай-ақ ticketon.kz және sxodim.com қызметтерін пайдалана отырып сатып алуға болады.

www.comicconastana.kz

17:46
155
Нет комментариев. Ваш будет первым!