Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті

​«Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті

«Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті

«Тыныста, тал-шыбық!» акциясы аясында «Бурабай» МҰТП инспекторлары мен оқушылар ағаштардың бұтағына байланған 15 000-нан астам байлауларды жинады

«Бурабай» МҰТП Бурабай орманшылығының инспекторлық құрамы Сакен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп ұлттық парктің аумағында «Тыныста, тал-шыбық!» акциясын өткізді.

Күні бойы олар «Аютас» жартасының маңындағы қарағай мен қайың бұтақтарын туристер таққан пластик пакеттерден, матадан, целлюлозадан және басқа материалдардан тазалады. Барлығы 15 000-нан астам байлау шешіліп алынды.

«Іс-шараның мақсаты жасыл желекті қорғау. Адамдардың ырымдап таққан байлаулары өсімдіктердің еркін өсуіне кедергі келтіреді. Әр түрлі материалдардан жасалған заттар ағаштардың өсуі мен дамуын қиындатады, жарық пен көміртегін қабылдауына жол бермейді. Ағаш бұтағындағы материалдар ылғалды сіңіріп алады, бұтақтарды зақымдайды. Сонымен қатар, пластиктен байлаулар өте баяу ыдыра ды, экожүйе үшін ұзақ мерзімді проблема туғызады", - деп түсіндірді орман шебері Айбек Ақжүніс.

Акция қатысушысы, 10 сынып оқушысы Радмир Алғазин де өз әсерлерімен бөлісті.

"Біз тек бір қарағайдан жарты қапқа жуық байлауларды алып тастадық. Менің бұл проблеманың айтарлықтай өзекті екеніне таңғалдым! Баршаны орманда тазалық сақтауға және табиғатты қорғауға шақырамын. Өтінемін, бұтаққа ештеңе ьайламаңыздар! Біздің болашағымыз қоршаған ортаға деген көзқарасымызға байланысты екенін бәріміз түсінуіміз керек",- дейді ол.

«Тыныста, тал-шыбық!» акциясы жыл сайын өтетінін айта кетейік. Бұл іс-шара ағаштардың бұтағы мен түбін қоқыстардан тазартуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жастардың назарын ұлттық паркте табиғатты сақтау әдебіне де назар аударады.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі


В рамках акция «Дыши, веточка!» школьники и инспекторы ГНПП «Бурабай» собрали с деревьев более 15 000 повязок

Инспекторский состав Боровского лесничестваГНПП «Бурабай» совместно с учащимися старших классов общеобразовательной школы им. Сейфуллина провели на территории нацпарка экологическую акцию «Дыши, веточка!».

Целый день они освобождали ветки сосен и берез вблизи скалы «Аютас» от завязок, сделанныхтуристами «на память» из целлофана, ткани, целлюлозы и других материалов. Всего с деревьев собрано более 15000 повязок.

«Завязки, оставленные на ветках деревьев, представляют серьезную угрозу для их здоровья. Они затрудняют рост и влияют на развитие деревьев, перекрывая доступ света и воздуха к веткам. Материалы, из которых изготовлены завязки, впитывают влагу и создают дополнительную нагрузку на ветки, приводя к их повреждению или даже обрыву. Кроме того, завязки из целлофана и пластика разлагаются очень медленно, создавая долгосрочную проблему для экосистемы», - объяснил мастер леса Айбек Ақжүніс.

Поделился своими впечатлениями и участник акции, ученик 10 класса Радмир Алгазин:

«Меня поражает масштаб проблемы: только с одной сосны мы сняли больше полмешка завязок! Я призываю всех соблюдать чистоту в лесу и беречь природу. Пожалуйста, не оставляйте ничего на ветках! Мы все должны понимать, что наше будущее зависит от того, как мы относимся к окружающей среде».

Акция «Дыши, веточка!» является ежегодной и регулярно повторяется в течении летнего периода. Она не только помогает сохранить здоровье деревьев, но и привлекает внимание молодежи к ответственному поведению на территории национального парка.

Пресс-служба ГНПП «Бурабай» 

12:25
192
Нет комментариев. Ваш будет первым!