Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Маусым айында Алматыда халықаралық бизнес-форум өтеді

Маусым айында Алматыда халықаралық бизнес-форум өтеді

27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет "New Vision: Бизнес күші" жаһандық бизнес-форумы өтеді, ол Қазақстандағы жылдың ең жарқын, әрі маңызды бизнес-оқиғасы болмақ.

Үш күн бойы оңтүстік астана қазақстандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік бизнес-көшбасшылардың, көрнекті саяси қайраткерлердің жиын ортасына айналады.

Форумның негізгі тақырыптары AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтерге, бизнес пен нарықтарғажәне өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылыққа арналады.

Осындай ауқымды іс-шараны өткізіп, диалог алаңын құруға себеп — аймақтың дамуы, халықаралық бизнес қызығушылығының артуы және жергілікті стартаптардың айтарлықтай өсуі.

Іс-шараға түрлі салалар өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтермен өнер қайраткерлері, олардың ішінде интернет новаторы — Джефф Хоффман, Virgin Groupнегізін қалаушы — Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы — Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат — Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы — Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі —Тимур Турлов, «Mr Body Language», 15 бестселлер авторы — Аллан Пиз, бизнесмен Мұхтар Жәкішев, BI Group акционері, филантроп — Айдын Рахимбаев, Прасанна Санкар — құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер мен өз саласында үздік қайраткерлер қатысады.

New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.

Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ.

Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.

Қазақстандағы су тасқынына байланысты іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылданды.

Іс-шараны NobelFest әлемдік ғылыми фестиваліYoungPresidentsOrganizationKazakhstan (YPO)-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Күні: 2024 жылдың 27-29 маусымы

Уақыты: 08:00 — 18:00

Өтетін жері: Алматы қ., Республика сарайы — негізгі алаң, «Қазақстан» қонақ үйі, «Novotel» қонақ үйі.

БАҚ үшін байланыс нөмірі: +77019992819

БАҚ мына сілтеме бойынша аккредиттеледі: https://forms.gle/g9LCgrrKaw5RgYXJ7

13:10
154
Нет комментариев. Ваш будет первым!