Зерендіде менталды арифметика турнирі өтті
Зерендіде менталды арифметика турнирі өтті
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, аграрлық сұрақтар және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Анар Аяпбергенова Зерендіде өткен менталдық арифметика бойынша республикалық турнирге қонақ ретінде қатысты.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен әрқайсысы 5-тен 15 жасқа дейінгі 20 қатысушыдан тұратын 14 команда қатысты. Турнир аудандық мәдениет үйінде өтті, ал балалар мен ата-аналарға арналған демалыс «Сұңқар!сауықтыру орталығында ұйымдастырылды.
Барлық қатысушыларды, ұйымдастырушыларды зияткерлік ойындардың ашылуымен құттықтай отыра, Анар Сайлаубекқызы Зеренді жерінде табысты ойын және жақсы демалыс тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтың атынан су тасқынына қарсы күреске белсенді қатысқан Көкшетау қаласының «Bilgir» ғылыми-зияткерлік студиясының негізін қалаушы Айнагүл Үстемироваға алғыс хат табыс етті.
«Балалардың жарыстары қызықты болғанын атап өткім келеді. Ментальды арифметика – бұл тек санада, қағазды және калькуляторды қолданбай есептеудің арнайы әдісі. Балалар өз міндеттерін сәтті орындады. Көкшетау командасының 22 қатысушысының 20-сы әр-түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Жалпы есепте Айнагүл Устемированың жетекшілігімен «Bilgir» командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Бұл мұғалімнің орасан зор еңбегінің, балаларға деген сүйіспеншілігі мен өз ісіне деген махаббатының нәтижесі деп білемін. Білім басқармасының мұндай ауқымды іс-шараға ешқандай назар аудармағаны өкінішті. Үйткені бұл талантты балалар ертең басқа турнирлерде де аймақтың намысын қорғайтын болады. Осындай жақсы нәтижелермен Көкшетау командасы 2-8 тамызда Бішкекте өтетін халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатыспақшы.
Осы іс-шараның ұйымдастырушыларына шақырғандары үшін алғыс білдіремін. Көптеген жағымды әсер алдым», – деп бөлісті депутат, «Ауыл» партиясының облыстық филиалының төрайымы Анар Аяпбергенова.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі
Турнир по ментальной арифметике прошел в Зеренде
Депутат Акмолинского областного маслихата, заместитель председателя постоянной комиссии по аграрным вопросам и индустриально-инновационого развития Анар Аяпбергенова в качестве гостя посетила Республиканский турнир по ментальной арифметике в Зеренде.
На соревнованиях было представлено 14 команд со всех регионов Казахстана, в каждой по 20 участников от 5 до 15 лет. Турнир проходил в районном доме культуры, а отдых для родителей с детьми был организован в оздоровительном центре «Сункар».
Поздравив всех участников, организаторов с открытием интеллектуальных игр, Анар Сайлаубековна пожелала успехов, хорошего отдыха на зерендинской земле. Кроме того, от имени депутата Мажилиса Республики Казахстан, председателя партии «Ауыл» Серика Егизбаева вручила благодарственное письмо основателю научно-интеллектуальной студии «Bilgir» города Кокшетау Айнагуль Устемировой, принимавшей активное участие в борьбе с паводками.
«Хочу отметить, что соревнования детей были захватывающими. Ментальная арифметика – это специальная методика вычислений исключительно в уме, без использования бумаги и тем более калькулятора. И детки успешно справились со своей задачей. Из 22 участников кокшетауской команды 20 стали победителями в той или иной номинации. В общем зачете команда «Bilgir» под руководством Айнагуль Устемировой заняла призовое 3-е место. Это результат огромного труда педагога, ее любви к детям и своему делу. Жаль только, что управление образования никак не отреагировало на мероприятие такого масштаба. Ведь эти талантливые дети завтра будут защищать честь региона и на других турнирах. С такими хорошими результатами команда из Кокшетау собирается принять участие в соревнованиях международного уровня, которые будут проходить 2-8 августа в Бишкеке.
Благодарю организаторов этого мероприятия за приглашение. Получила массу приятных впечатлений», – поделилась депутат, председатель областного филиала партии «Ауыл» Анар Аяпбергенова.
Пресс-служба Акмолинского областного маслихата