В Кокшетау прошло мероприятие для молодежи «Open consultation»
ГКУ «Молодежно-ресурсный центр» управления внутренней политики Акмолинской области, в городе Кокшетау, в торгово-развлекательным центре «РИО» провели мероприятие для молодежи «Open consultation».
Целью мероприятия является проведение разъяснительной работы по трудоустройству жителей и молодежи города Кокшетау, трудоустройству по государственным программам, а также открытию депозита по получению жилья.
В мероприятии приняли участие специалисты Центра занятости населения города Кокшетау, инспектор отдела воспитательной и кадровой работы Департамента полиции Акмолинской области, старший лейтенант полиции – Жумаенов Бекзат Куатович, старший майор юстиции учреждения №6 департамента уголовно-исполнительной системы по Акмолинской области – Мукишев Алмас Канатович, руководитель производства ТОО «Enki Plus» - Мырзагалиев Ерлан Манасович, инспектор отдела кадров и воспитательной работы Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области лейтенант гражданской защиты – Жанай Улан Серикович.
Несмотря на то, что в стране ведется активная борьба с безработицей, этот вопрос до сих пор не вышел из повестки дня. В настоящее время безработицы беспокоит не только казахское общество, но и страны мира. В Казахстане холод безработицы в первую очередь поражает молодежь. В последние годы в стране растет число молодых специалистов, которые не находят работы по профессии. Это ярко отражено в современном обществе.
Не мало причин для роста безработицы среди молодежи. В их числе, прежде всего, неспособность высших учебных заведений готовить специалистов, отвечающих требованиям рынка, отсутствие в них необходимой инфраструктуры для подготовки специалистов, теплый прием молодых специалистов работодателями.
В этой связи молодежно-ресурсный центр Акмолинской области регулярно проводит для безработной молодежи «Ярмарки вакансий», такие консультационные площадки, как «Open consultation».
«Организация ярмарок вакансий, консультационных площадок - важно не только для молодых специалистов, но и для работодателей. Это связано с тем, что в ходе мероприятия работодатели смогут выбрать нужных им специалистов, а граждане, ищущие работу, смогут трудоустроиться по специальностям. Так как основной целью деятельности молодежных ресурсных центров является оказание услуг по поддержке и развитию молодежи и молодежных организаций, то в центре внимания находится занятость молодежи. В сегодняшним мероприятий интересовались и задавали вопросы не только молодое поколение, но и взрослое. Студенты были заинтересованы прежде всего о вакансиях», - отметила в своем выступлении руководитель отдела областного МРЦ – Макпал Мухтаровна.
Стоит отметить, что подобные площадки и ярмарки вакансий будет проведены в каждом квартале ежегодно.
Пресс-служба Молодежно-ресурсного центра Акмолинской области
Управления внутренней политики Акмолинской области
Жастарға арналған «Open consultation» шарасы өтті
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, Көкшетау қаласы, «РИО» сауда ойын-сауық орталығында, жастарға арналған «Open consultation»іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Көкшетау қаласының тұрғындары мен жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу, сондай-ақ үй алу бойынша депозит ашу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Шараға, Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, Ақмола облысы Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты – Жумаенов Бекзат Куатович, Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №6 мекемесінің аға әділет майоры – Мукишев Алмас Қанатұлы, «Enki Plus» ЖШС өндіріс басшысы – Мырзагалиев Ерлан Манасович, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы азаматтық қорғау лейтенанты – Жанай Ұлан Серікұлы қатысты.
Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр. Ал, Қазақстанда жұмыссыздықтың салқыны ең әуелі жастарды шарпуда. Соңғы жылдары елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар қатары көбейіп кетті. Бұл – бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы анық.
Осыған орай, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жұмыссыз жүрген жастар үшін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін», аталмыш «Open consultation» сияқты кеңес беру алаңдарын жиі өткізіп отырады.
«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, кеңес беру алаңдарын ұйымдастыру - жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілерге де маңызды. Себебі шара барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауына, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туғызады. Жастар ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылғандықтан, жастарды жұмыспен қамту, орталықтар үшін басты назарда тұр. Бүгінгі әдеттегідей өткізіліп жатқан шараға тек жас буын ғана емес ересек буын өкілдері де қызығушылық танытып, сұрақтарын қоюда. Студенттер бос жұмыс орындар мәселесі бойынша қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды» - деп өз сөзінде облыстық ЖРО бөлім басшысы – Мақпал Мұхтарқызы тоқталып кетті.
Айта кету керек, аталмыш алаңдар мен Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жыл бойы әр тоқсан сайын өткізіліп отырады.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі