Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ұлттық паркке келушілер нені білген жөн?

​Ұлттық паркке келушілер нені білген жөн?

Ұлттық паркке келушілер нені білген жөн?

«Бурабай» мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Сондықтан Ұлттық паркке барған кезде тиісті ережені сақтау керек. Бұл қандай ереже? Табиғат қорғау мекемесінің мамандарына құлақ түрейік.

Сирек және Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді сақтау

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасында 754 түрлі өсімдік өседі, олардың 20 түрі жойылып кету қаупі төніп тұр, 79 түрі реликті өсімдіктер.

«Бурабай» МҰТП кіші ғылыми қызметкері, ботаник Юлия Боссерт көктемде демалушылардың әрекетінен көбінесе бәйшешектерзардап шегетінін айтты. Бәйшешектердіретсіз теретіндр көбейіп барады.Жұлынған гүлдердің өмірі қысқа, шамадан тыс тере берсетіпті өсімдік түрінің жойылып кетуіне әкелуі мүмкін, өйткені популяцияның табиғи жаңаруы бұзылып, олардың өсу аймағы азаяды.

- Қазіргі таңда Ұлттық парк аумағында өсетін наурызгүлдердің барлық түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, бұл оларға қауіп төнгенін, қорғау қажеттілігін көрсетеді. «Бурабай» Ұлттық паркінің наурызгүлдеріне көктемгі адонис, сарғыш сарғылт кестежусан, ашықкестежусан, Еділ адонисі жатады. Олардың барлығы қорғалатын өсімдік түрлеріне жатады. Осы сирек кездесетін гүлдердің кез-келгенін жұлғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанынкөп адам біле бермейді, -деп хабарлады Юлия Боссерт.

Сондай-ақ, Ұлттық парк аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген басқа да өсімдіктер өседі. Бұл кәдімгі шолпанкебіс, ірі гүлді шолпанкебес,ақ тұңғиық, бұғы кладиниясы, жабысқақ қандыағаш, тегіс сфагнум, сарғыш жуа, жатағанқызғалдақ және т.б.

ҚР ӘҚБтК-нің 378-бабына сәйкес, Ұлттық парктің қоғамдық аймағындағы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің кез келгенін жұлғаны және жойғаны үшін 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2024 жылы бұл сома 29 536 теңгені құрайды).

Егер сирек кездесетін өсімдік ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан жұлынса, айыппұл 15 АЕК-ке (55 380 теңге) дейін көтеріледі.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді ірі көлемде браконьерлікпен тергендер үшін тіпті үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК-нің 339-бабы).

- Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін, Ұлттық паркке барар алдында балалармен бірге сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің суреттерін мұқият зерттеу керек. Не болмаса экскурсияға жазылған, миұнда мамандар кейбір өсімдіктерді табиғи ортада көрсетеді, - деп кеңес береді ботаник.

Ұлттық парктің ихтиофаунасын қорғау

Елімізде балық уылдырық шашатын кезде балық аулауға тыйым салынады. «Бурабай» МҰТП да осы қатарда.

- «Бурабай» МҰТП көлдерінде тұқы аулауға тыйым салынуына байланысты 20 мамырдан 20 маусымға дейін спорттық балық аулауға жолдама беру тоқтатылды. Тыйым салуды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік, жеке тұлғаларға 10 АЕК (36920 теңге) айыппұл қарастырылған, - деп хабарлады Ұлттық парктің инженер-ихтиологы Нұрман Айтқожин.

Егер бұзушылық қайта тіркелсе, айыппұл екі есеге ұлғайып, 20 АЕК (73840 теңге) құрайды. Ұлттық паркте балық ресурстарын, су жануарлары мен өсімдіктерді ірі көлемде заңсыз өндіргені үшін тіпті ҚР ҚК 335-бабы бойынша 3000 АЕК-тен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге дейінқылмыстық жауапкершілік қолданылуы мүмкін.

Өрт қауіпті кезеңдегі ережелері

Ормандарда жанған сіріңке мен темекі тұқылын тастауғаболмайтыны баршаға мәлім. Бірақ шыны ыдыстардың, шөлмектердің өрт қаупі бар затқа жататынын білетіндер аз. Бұл дұрыс емес. Табиғат аясында тасталған шыны ыдыстарға күн сәулесін шағылысып, құрғақ заттар тұтануы ықтимал.

- «Бурабай» МҰТП-да тәулік бойы өртке қарсы қызметті кез келген түтінге, отқа немесе табиғи өртке жауап беретін электрондық SMART-жүйе атқаратынын, ол Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларына дабыл жіберетінін еске салғым келеді. Сондықтан біздің Ұлттық паркте «жанған оттың жанында демаламын» деуге болмайды. Мен тіпті олай істеуге тырыспауға кеңес берер едім! Былтыр өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін біздің инспекторларымыз 15 хаттама жасады, - деп ескертті инженер – эколог Маржан Әбдірахманова.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тек арнайы бөлінген жерлерде ғана от жағуға болады.

- Бізде мұндай алаңдар демалуға арналған үстел және орындықтармен, барбекюмен немесе от жағуға арналған бетон ошақпен, өртке қарсы құралдармен жабдықталған. Олардың орналасқан жері арнайы ақпараттық плакаттарда және біздің сайтымызда көрсетілген, - деді маман.

Ұлттық паркте өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ереже талаптарын бұзу салмақты айыппұл салуға әкеп соғуы мүмкін (ҚР Әкімшілік кодексінің 367-бабы 3-бөлігі). Жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіштен (369 200 теңге), ал лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік және коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне – 250 АЕК (923 000 теңге), орта бизнеске – 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Ұлттық парк аумағында өртке жол берген ірі бизнес субъектілеріне салынатын айыппұл - 1500 АЕК.

Маржан Әбдірахманова айтқандай, арнайы рұқсатсыз табиғатты қорғау режимі бар жерлерге бару да ереже бұзу болып табылады. ҚР ӘҚБтК-нің 380-бабында ескерту немесе 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза көзделеді. Ағымдағы жылдың басынан бері осындай 70 дерек тіркелді.

Парк қызметкерлерінің, еріктілердің және жергілікті тұрғындардың күш-жігерімен Ұлттық парктің флорасы мен фаунасының биоалуандығын сақтау, аумақты абаттандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков ұжым атынан қазақстандықтарды осы жұмысқа қосылуға шақырады.

- Жыл сайын бізге демалуға келетіндердің қатары артып келеді. Өткен жылы Ұлттық паркке 841 мың адам келді, бұл табиғи ресурстарға түсетін салмақты едәуір арттырып отыр. Біз барлық демалушылардан, Ұлттық парктің барлық қонақтарынан демалыстағы экологиялық әдеп және ережелерді сақтау арқылы табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуды сұраймыз. Жұмылып әрекет ету арқылы ғана біз «Бурабай» ұлттық табиғи парк сұлулығы мен бірегейлігін болашақ ұрпақ үшін сақтай аламыз, - деп санайды басшы.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

13:00
295
Нет комментариев. Ваш будет первым!