Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Адвокаттық және нотариаттық қызмет саласындағы әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызмет

​Адвокаттық және нотариаттық қызмет саласындағы әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызмет

Ақмола облысының Әділет департаментімен пилоттық жобада адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін үміткер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электрондық құжаттарды жібереді: - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса берілген, оны аттестаттауға жіберу туралы өтініш.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күнен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілген қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы "жеке кабинетке" беру арқылы хабардар етеді.

Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.

Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;

- практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.

Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету

бөлімінің бас маманы Бекбергенов Е.К.

12:47
122
Нет комментариев. Ваш будет первым!