Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Көкшетауда жедел абдоминальды хирургия бойынша халықаралық конференция басталды

​Көкшетауда жедел абдоминальды хирургия бойынша халықаралық конференция басталды

Көкшетауда « Жедел абдуминальды хирургияның өзекті мәселелері» Халықаралық медицина өкілдерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция басталды. «Болашақ сарайы» базасында әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтар мен Қазақстан Республикасының медицина үздіктері жиналды. Конференцияда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова сөз сөйледі. Біздің өңірдің дәрігерлерін оқытуға уақыт бөлгені үшін қонақтарға алғысын білдірді.

«Мастер-класс пен конференция Қазақстанның әр өңірінен ғана емес, әлемнің басқа елдерінен де үздік мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Бұл біздің дәрігерлеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Мұндай конференциялар облыстағы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін жақсы қадам болады, оны кәсіби тәжірибемен және жаңа технологиялармен байытады, медициналық көмектің сапасын арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.

Камила Әбделманова, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

14:35
187
Нет комментариев. Ваш будет первым!