Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

ӘКК "Ауыл Аманаты" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сенімгер агент ретінде қатысады

ӘКК "Ауыл Аманаты" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сенімгер агент ретінде қатысады

Ерлік Ержанұлы "Заң" газетінің тілшісі: ӘКК-нің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы мен 2024 жылғы жоспары туралы сұхбат шығарсақ?

Сыздықов Саят Төлегенұлы, «КӨКШЕ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы: "KOKSHE" ӘКК" АҚ Өңірлік даму институты болып табылады, оның негізгі мақсаты - бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдегі кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін ынталандыру. Сонымен қатар, ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін (бұдан әрі – ӘМАТ) іске асыру жөніндегі функцияларды орындайды.

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайының ерекшеліктеріне сүйене отырып, сондай-ақ қолда бар мемлекеттік бағдарламаларды ескере отырып, ӘКК қызметінің 2024 жылға арналған негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

  • ауылдық өңірдегі халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамаларға несие беру;
  • АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға несие беру;
  • 2024 жылға арналған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы "ҰК" АҚ форвардтық сатып алу шеңберінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге кепілдік беру;

Ерлік Ержанұлы:  Инвестициялық жобалар мен олардың жүзеге асыру барысы? Мүмкін болса Ақмола облысына қатысты. 

Саят Сыздықов: Қазіргі уақытта "KOKSHE" ӘКК қызметтің түрлі бағыттарында инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады:

Көкшетау қаласында шайбалы хоккейге арналған жабық мұз аренасының құрылысы аяқталды. Инвестиция көлемі-1,2 млрд теңге.

ӘКК және "Атамекен" ҰКП базасында құрылған микроқаржы ұйымы қызметіне кірісті. 2024 жылдыңжағдайы бойынша МҚҰ-ның несие портфелі 1,107 млрд теңгені құрайды, оның шеңберінде Ақмола облысында бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 212 несие берілді.

Көкшетау қаласында үш коммуналдық базардың құрылысы аяқталды, олар арқылы қазіргі уақытта жергілікті тауар өндірушілер азық-түлік тауарларын өткізеді, сондай-ақ Ақмола облысының тұрақтандыру қорының тауарлары сатылады.

Көкшетау қаласында ұсақ сұрыпты илем шығаратын зауыттың құрылысы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ ӘКК "Ауыл Аманаты" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сенімгер агент ретінде қатысады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық өңірлерде шағын бизнесті дамыту мақсатында жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 198 несие берілді. Ағымдағы жылы осы бағдарлама шеңберінде 1,4 млрд теңге сомасына ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржыландыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, "KOKSHE" ӘКК - Ақмола облысындағы сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыру бағдарламасының сенімді агенті. Инвестициялық қаржыландырудың осы бағыты шеңберінде өңірде жеті заманауи сүт-тауар фермасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 7,7 млрд теңгеге төрт жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 7,3 млрд теңге сомасына сүт-тауар фермаларын құру саласындағы үш жобаны қосымша қаржыландыру жоспарлануда.

Ерлік Ержанұлы: «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өз міндетін қаншалықты титімді атқаруда? 

Саят Сыздықов: Мемлекет басшысы 2021 жылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын толыққанды институттарға айналдырып, оларды қайта форматтауды тапсырды. Осы кезеңде ӘКК қызметінің тиімділігі, орындалатын функциялардың бытыраңқылығы, ашықтық және есептілік мәселелері бірнеше рет көтерілді. Біз өз кезегімізде ӘКК қызметін реттейтін заң әзірлеу қажеттігі туралы мәлімдейміз.

ӘКК қызметін бақылау Қазақстанда өте жоғары және ол әлі де күшейтілетінін айта кету керек.

Жалпы, "KOKSHE "ӘКК" АҚ жұмыс істеген жылдары іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Ерлік Ержанұлы: Өңірдегі азық-түлік бағасын реттеуде қандай іс-шаралар жоспарланып отыр?

Саят Сыздықов: "KOKSHE" ӘКК " АҚ Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес жұмыс істейді.

2023 жылы отандық өндірушілерден өңірлік тұрақтандыру қорына 11 162,9 тоннадан астам өнім – күнбағыс майы, макарон өнімдері, күріш және қарақұмық жармасы, қант, бірінші сұрыпты ұн, тұз сатып алынды. Оның ішінде көкөніс өнімдерін: картоп, пияз, сәбіз және қырыққабатты жеткізуге форвардтық шарттар жасалды.

Тұрақтандыру қорында бекітілген ӘМАТ тізбесінің 17 атауы бар.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден форвардтық сатып алу алдын ала төлем шарттарымен жүзеге асырылады, ал өнімді жеткізу маусымаралық кезеңде белгіленген (төмендетілген) бағамен жүзеге асырылатындығын естеріңізге сала кетейік.

"Айналым схемасын" іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға қарыздар беріледі. Бұл ретте өндірушілер өндірілетін өнімге бағаны ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелерді өзіне алады, нәтижесінде ӘМАТ нарықтық бағадан орта есеппен 15-20% - ға төмен бағамен сатылады.

"KOKSHE" ӘКК " АҚ тұрғындардың тауарды тиімді бағамен сатып алу қолжетімділігі үшін әлеуметтік сөрелер құру мақсатында сауда желілерін, үй жанындағы дүкендерді ынтымақтастыққа шақырады.

Тұрақтандыру қорынан өнімдерді тек әлеуметтік павильондарда ғана емес, сонымен қатар біздің серіктестерімізге айналған дүкендер сөрелерінде, соның ішінде аудандарда да сатып алуға болатындығын естеріңізге сала кетейік.

Ерлік Ержанұлы: 2023 жылы және 2024 жылдың алғашқы тоқсанындағы атқарылған жұмыстың нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

Саят Сыздықов: "KOKSHE" ӘКК " АҚ командасы алға қойылған міндеттермен қарқынды жұмыс істеуде, біз күн сайын барлық институттармен (әкімдіктермен, министрліктермен) және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасаймыз. Көрсеткіштер айтарлықтай қанағаттанарлық.

Ерлік Ержанұлы: Биылғы аймақтық және халықаралық деңгейдегі инвестициялық жобалар туралы кеңірек мәлімет бере кетсеңіщ? 

Саят Сыздықов: Ағымдағы жылы бірқатар инвестициялық жобалар іске асыру сатысында тұр, біз азаматтарды олар туралы міндетті түрде хабардар етеміз. Қазір біздің алдымызда AQMOLA индустриялық аймақты іске қосу міндеті тұр. Барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін, толығырақ ақпаратпен бөлісуге дайынбыз.

13:37
226
Нет комментариев. Ваш будет первым!