Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Алқабилер соты

​Алқабилер соты

Билер соты халыққа жақын және халых сенімінен шығып отырған. Кеңес үкіметі тұсында Қазақстандағы сот төрелігі судьямен екі халық заседателінің қатысуымен жүргізілді. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздігімізді алып, ел болып, еңсе түзедік, өркениет жолына бағыт алдық, жас Қазақстан Республикасы аз уақыттың ішінде дүниежүзілік аренада басқа елдерге кеңінен танымал болды, сот жүйесіне де өзгеріс енді.

Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін, жалпы құқықтық жүйені дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сот жүйесін реформалау үшін жүргізілген және оң нәтиже берген іс-шаралардың да баршылық екені белгілі. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Сот жүйесі толықтай атқару органдардың ықпалынан босатылды. Сот қызметіне «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» енгізілді. Судьялардың беделін көтеріп, тәуелсіздігін нығайтуға ерекше назар аударылды. Сот жүйесін жетілдіруде сот ісін ұйымдастырудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ететін нормалар көрсетілген Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Республика аумағында мамандандырылған соттар құрылды. Соның бір айғағы – аса ауыр қылмыстық істерді қарауға, оның ішінде қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарауға мамандандырылған сотталдың құрылуы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2010 жылы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылып, үлкен мәдениет пен парасат иелері, әділ, әрі турашыл билерден және әдепті де мәдениетті мамандардан тұрарын сот ұжымы абыройлы қызмет етіп келеді.

Бұл сотта кәсіптік дәрежесі жоғары, моральдық-этикалық бейнесі дұрыс қалыптасқан, сот жүйесінің абыройын, мәртебесін арттыруға мүдделі заңгерлердің жұмыс жасауы - соттың жоғары деңгейін көрсетеді.

Сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот­ қызметіне деген сенімін арттырып келеді. Бұл мәселеге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұдайы көңіл бөліп отыруы судьяларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрине, адамдар сотқа басына түскен қиын жағдайды шеше алатын соңғы мүмкіндігім деп жүгінеді. Сондықтан сот қызметкерлері де істерді қабылдау сәтінен бастап, сот актісі шыққанша барынша әдепті де мәдениетті болуға күш салуда.

Заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты ұсынылған қадамдарда алқабилер сотының қолданысын кеңейте түсу жайы да сөз болады. 21-қадам бойынша алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту жайы сондай-ақ заңды түрде алқабилер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларының анықталуы қажеттігі көрсетіледі. Елімізде 2007 жылы құрылған алқабилер соты институтының қатысуымен сот ісін жүргізу – қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығарудың ұтымды да, тиімді жолдарын қарастыру және пайдалану, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға атсалысу, азаматтардың мүдделерін, заң талаптарын бұзу әрекеттерінен қорғауды көздейді. Алқабилер соты тұрақты қолданы­лып жүрген сот мекемесі емес, өзінің өмірлік тәжірибесі және ішкі адал сезімі негізінде айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселені айқындайтын, оны шешу үшін сотқа уақытша шақырылатын соттың ерек­ше нысандағы институты. Түптеп келгенде, алқабилер сотының қызметін қолданудың артуы біздің еліміз үшін таңсық дүние болмауы керек. Олай дейтініміз, алқабилер институтының сот жүйесінде кең қолданысқа ие болуы – қазақ елінің салт-дәстүрі, ғұрыптық ережелер жолымен құқықтық жүйені енгізген билер сотының жалғасын тауып, бүгінде қайта жаңғырып, заман талабына сай, уақыт көшіне қайта ілесуін көрсететіндей. Кешегі күндерде алдына келген істі өткір тілімен бе­зеп, байыптап, шеше білген би-шешен­дерге деген халық сенімі қандай бол­са, бүгінгі алқабилер сотының сот жүйе­сіндегі қолданысының арта түсуі де халықтың сот істерінің әділетті жүргізілуіне сенімін арттыра түсетін аса ірі демократиялық өзгеріс болмақ.

Алқабилер сотының қолданысының кеңеюі қылмыстық іс жүргізудің жалпы жағдайлары мен негізгі принциптерін сақтай отырып, мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:

1) алқабилердің қатысуымен сот төрелігін жүргізу арқылы халықтың сот жүйесімен танысуына мүмкіндік туады.

2) алқабилер мен процеске қатысушылардың араласуымен іске қатысты кез келген дәйектер зерттеліп, сот залындағы зерттеу нысаны болған деректер негізінде қорытынды жа­салады;

3) ) алқабилердің қатысуы қылмыс­тық іс жүргізу нысанының қатаң сақталуына жағдай жасайды, яғни алқабилер құрамындағы кәсіби судья емес мүшелер жауапкердің кінәлі не кінәлі еместігін істің барлық мазмұнын қарау нәтижесінде байыптай отырып, шешім шығару жүйесін қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен сәйкес рет­тейді, ал кәсіби судьялар алқабилер сотына дейін істің мән-жайымен таныс болғандықтан, олардың қаралатын мә­селе төңірегінде өз пікірлері қалып­тасып қояды;

4 алқабилердің сот отырысына қатысуы тараптардың құқықтарын қорғай отырып, қарама-қарсы тарап­тарға қолайлы болар шешімнің шы­ғуына, іске қатыстылардың даулы әрекеттерінің оңтайлы шешім табуына әсер етеді;

5) тараптардың өз мүдделерін қорғауына себепкер болып, олардың алқабилер соты мен кәсіби судьялар алдында өз көзқарастарын ашық білдіруіне мүмкіндік бере отырып, сот ісін жүргізуде жіберілетін қателіктердің жойылып, істің әділ шешім табуына ықпал етеді;

Осылайша, алқабилер сотының сот жүйесіндегі қолданысының кеңеюі ұлттық қылмыстық іс жүргізу құрылымының гуманистік тұрғыда өзгеруіне, демократиялануына, сондай-ақ заң жүйесінің нығаюы мен бәсекеге қабілетті болуына әсер етеді.

Бүгінде алқабилер соты институты­на азаматтарды таңдаудың оңтайлы жолдары қарастырылып келеді.

Елбасымыздың ұлттық жос­парында екшей көрсеткен алқабилер сотының қызметінің бірізділікке түсіп, кең қолданысқа ие болуының мәнісі өте зор. Алқабилер сотының қолданылу аясының кеңеюі – әділетті сот жүйесінің биік деңгейге көтерілуіне өз септігін тигізері де сөзсіз.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы Максат Шарафиддинович Мамараимов 

16:08
97
Нет комментариев. Ваш будет первым!