Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Средства затрачены, а работы произведены некачественно

Средства затрачены, а работы произведены некачественно

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапары аясында Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының аумағында ұзындығы 320,46 км магистральдық суағарды қайта жаңарту барысымен танысты.

Кездесуге жобаның авторлары, мердігерлік және қосалқы мердігерлік компаниялардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

«Институт Казгипроводхоз» ЖШС ұзындығы 320,46 км магистральдық су құбырын реконструкциялау бойынша жоба әзірлеген болатын. 2024 жылғы қаңтарда мемлекеттік сараптамамен жобаның алдын ала мақұлдауы алынды. Жұмыс 3 кезеңде жоспарланған.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Егіндікөл ауданында ТЖ жарияланған болатын, оның шеңберінде ӘBERTYS CONSTRUCTION» ЖШС 2023 жылдың қыркүйегінде Нұра топтық су құбырының бас құрылысынан Егіндікөл ауданының бұрылуына дейін 70 км су құбырын жөндеуді бастады. Мердігер ұйым 65 км траншея қазып, поливинилхлоридтен (ПВХ) 40 км құбыр салды. Бірақ жұмыс толығымен аяқталмады, траншеялар жабылмай, құбырлар толық бекітілмеген, ал ағымдағы жылдың көктемінде траншеялар жартылай құлап, құбырлар еріген су бетіне көтеріліп кеткен.

Бұрын қазылған траншеялар бойынша жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты (траншеялардың құлауы, бұрын төселген құбырлардың жарамсыздығына келуі, кейбір жерлерде құбырлардың болмауы) ағымдағы жылдың сәуір айында «BERTYS CONSTRUCTION» ЖШС Қорғалжын ауданы Жантеке ауылының маңында Егіндікөл ауданына қарай ұзындығы 5 км параллельді қазба жұмыстарын қайта бастады. Осы компания өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта жұмыстарды толық қалпына келтіруге болады. Пайдалануға берудің болжамды мерзімі – ең жақсы жағдайда ағымдағы жылдың соңы не 2025 жылдың басында. Қосымша «Мелиоратор» ЖШС Қорғалжын ауданы бағытында траншеяларды қазуды бастаған, қазіргі уақытта 2 км траншея қазылды.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Қорғалжын ауданының тұрғындары пластификацияланбаған поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған құбырларды сумен жабдықтауға арналған полиэтилендік құбырға ауыстыруды талап етіп отыр.

Мәслихат төрағасы Б. Жүсіпов жергілікті қоғамдастыққа, мердігер компания өкілдеріне және жоба авторы – «Институт Казгипроводхоз» ЖШС-не осы мәселені қысқа мерзімде қарауды ұсынды.

Қарлыға Мұхатаева, Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы


Средства затрачены, а работы произведены некачественно

Председатель Акмолинского областного маслихата Бейбит Жусупов в рамках рабочей поездки ознакомился с ходом реконструкции магистрального водовода протяженностью 320,46 км на территории Егиндыкольского и Коргалжынского районов.

На встрече присутствовали авторы проекта, представители подрядной и субподрядной компаний, местных исполнительных органов, депутаты районного и областного маслихатов.

ТОО «Институт Казгипроводхоз» разработан проект по реконструкции магистрального водовода протяженностью 320,46 км. В январе 2024 года государственной экспертизой получено предварительное одобрение проекта. Работа запланирована в 3 этапа.

Как известно, еще в прошлом году в Егиндикольском районе была объявлена ЧС, в рамках которой ТОО «BERTYS CONSTRUCTION» в сентябре 2023 года уже начало ремонт 70 км водопровода от головного сооружения Нуринского группового водовода до отвода Егиндыкольского района. Подрядной организацией произведена раскопка 65 км траншей и проложено 40 кмтруб из поливинилхлорида (ПВХ). Но работы не были завершены, траншеи не закрыты, трубы не везде были полностью скреплены, а весной текущего года произошел частичный обвал траншей и всплытие труб на поверхность с талыми водами.

В связи с отсутствием возможности продолжать работу по ранее раскопанным траншеям (обвал траншей, приход в негодность проложенных ранее труб, отсутствие труб в некоторых местах), в апреле текущего года ТОО «BERTYS CONSTRUCTION» возобновило работу по параллельной раскопке протяженностью 5 км вблизи села Жантеке Коргалжынского района в сторону Егиндыкольского района. По словам представителей данной компании, в данном направлении возможно полное возобновление работ. Ориентировочный срок сдачи в эксплуатацию – в лучшем случае конец текущего года либо в начало 2025 года. Дополнительно ТОО «Мелиоратор» начата раскопка траншей в направлении Коргалжынского района, на данный момент раскопано 2 км траншей.

Исходя из вышеперечисленного, население Коргалжынского района требует заменить трубы из непластифицированного поливинилхлорида (ПВХ) на полиэтиленовые для водоснабжения.

Председатель маслихата Б.Жусупов рекомендовал местному сообществу, представителям подрядной компании и автора проекта – ТОО «Институт Казгипроводхоз» сесть за стол переговоров и в кратчайшие сроки рассмотреть данный вопрос

Карлыга Мухатаева, пресс-секретарь Акмолинского областного маслихата

13:54
249
Нет комментариев. Ваш будет первым!