Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Марат Ахметжанов: қауырт кезең өтті, қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз

​Марат Ахметжанов: қауырт кезең өтті, қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз

Атбасар ауданында Жабай өзенінің су деңгейі тұрақтанды, ол жағдайдың біртіндеп жақсарғанын көрсетеді.

Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, Жабай өзенінде су деңгейі 3,80 метрге дейін төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, қауырт деңгей 4,40 метрді құрады. Су тасқыны кезінде өзендегі су деңгейі 6,20 метрге дейін көтерілген.

«Ауданда әлеуметтік саланың барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. № 1 ОМ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін боламыз, балалар Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінде екі ауысымда оқиды», - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, 130-дан астам атбасарлықтар 100 АЕК бойынша біржолғы төлем алды. Комиссия тұрғын үйлер мен мүлікті бағалауды жүргізуде.

Өңір басшысы су тасқынының салдарын тез арада жою үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдардың және тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен ғимараттарды қалпына келтіру және көшелерді тазарту жұмыстарын бастап, жалпықалалық сенбілік өткізу керек», - деп қорытындылады М.Ахметжанов.


Марат Ахметжанов: критический период прошел, начинаем восстановительные работы

В Атбасарском районе уровень воды на реке Жабай стабилизировался, чтосвидетельствует о постепенном улучшении обстановки.

По словам акима района Аманбека Калжанова уровень воды в реке Жабай снизился до отметки 3,80 метров. Напомним критический уровень составлял 4,40 метров. Во время паводка уровень воды в реке поднялся до 6,20 метров.

«В районе все объекты социальной сферы работают в штатном режиме. В СШ № 1 будем проводить восстановительные работы, дети
обучаются в две смены в аграрно-индустриальном колледже
г. Атбасар», - рассказал аким района.

Кроме того, более 130 атбасарцев получили единовременные выплаты по 100 МРП. Паралельно комиссией проводится оценка жилых домов и имущества.

Глава региона отметил, что необходимо приложить все силы
для ликвидации последствии паводка в быстрые сроки.

«Совместными усилиями местных исполнительных органов
и жителей нужно начать работы по восстановлению зданий и очистке улиц и провести общегородской субботник по очистке города», - подытожил М. Ахметжанов.

18:41
105
Нет комментариев. Ваш будет первым!