Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Атбасар және Астрахан аудандарына Павлодар облысынан гуманитарлық көмек берілді

​Атбасар және Астрахан аудандарына Павлодар облысынан гуманитарлық көмек берілді

Атбасар және Астрахан аудандарына Павлодар облысынан гуманитарлық көмек берілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов өңірге Павлодар облысынан жеткізілген гуманитарлық көмек керуенін қарсы алды.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко бастаған делегация табиғи апаттан қатты зардап шеккен Астрахан және Атбасар аудандары тұрғындарына азық-түлік, су, сусындар, жеке гигиена құралдары, шаруашылық тауарлары, матрацтар, жылытқыштар әкелді.

И. Теренченко атап өткендей, гуманитарлық көмекті жинауға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, этномәдени бірлестіктер, жоғары оқу орындары, волонтер және жастар ұйымдары және Павлодар облысының барлық тұрғындары қатысты.

«Осы қиын-қыстау кезеңдерде барлығымыз үшін отандастарымыздың осындай ыстық ықыласы мен қолдауы өте маңызды. Павлодар облысының тұрғындары мен өз әріптестерім – депутаттарға көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі


Гуманитарная помощь из Павлодарской области передана в Атбасарский и Астраханский районы

Председатель Акмолинского областного маслихата Бейбит Жусупов встретил караван с гуманитарной помощью, доставленный в регион из Павлодарской области.

Делегация во главе с председателем Павлодарского областного маслихата Ильей Теренченко доставила Астраханский и Атбасарский районы, серьезно пострадавшие от стихийного бедствия, продукты питания, воду, напитки, средства личной гигиены, хозяйственные товары, матрацы, обогреватели.

Как отметил И. Теренченко, в сборе гуманитарной помощи приняли участие депутаты областного и городского маслихатов, этнокультурные объединения, вузы, волонтерские и молодежные организации и все неравнодушные жители Павлодарской области.

«В эти непростые для всего Казахстана времена для всех нас очень важно такое дружеское участие и поддержка соотечественников. Сердечно благодарю жителей Павлодарской области и своих коллег-депутатов за оказанную помощь»,– отметил председатель Акмолинского областного маслихата Б. Жусупов.

Пресс-служба Акмолинского областного маслихата

13:51
138
Нет комментариев. Ваш будет первым!