Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ақмола облысының полицейлері 35 тоннадан астам жүкпен ауыр жүкті автокөлікті тасжолда сүйреп апарды

​Ақмола облысының полицейлері 35 тоннадан астам жүкпен ауыр жүкті автокөлікті тасжолда сүйреп апарды

Ақмола облысының полицейлері 35 тоннадан астам жүкпен ауыр жүкті автокөлікті тасжолда сүйреп апарды. Көктайғақтың салдарынан фура дөңге көтеріле алмады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының патрульдік экипаждары күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Осы кезеңде полицейлердің ерекше бақылауында, ұзақ қашықтықта жүретін ауыр жүк көліктері бар.

16 ақпанда Жақсы ауданының аумағындағы "Алматы-Екатеринбург" республикалық трассасының учаскесінде жолда пайда болған көктайғақтың салдарынан салмағы 35 тоннадан асатын жүк таситын фураның жүргізушісі дөңге көтеріле алмады. Бұл жағдай жүргізушінің өзі үшін ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін де қауіпті болды.

Бүркіт Алшинбаев пен Дархан Мажитов құрамындағы патрульдік полиция батальонының экипажы көмекке келді. Полиция қызметкерлері бірден осы көлікті дөңге көтеру үшін сүйрету жұмыстарын ұйымдастырды, сондай-ақ автожолдың осы учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Құтқару операциясының соңында жүргізуші полицейлерге алғысын білдірді.


Большегруз с грузом более 35 тонн отбуксировали на трассе полицейские в Акмолинской области. Из-за гололеда фура не могла подняться на подъем.

В связи со сложными погодными условиями патрульные экипажи Акмолинской области продолжают работать в усиленном режиме. На особом контроле полицейских в этот период - большегрузные транспортные средства, выполняющие дальние рейсы.

16 февраля на участке республиканской трассы «Алматы - Екатеринбург» на территории Жаксынского района, водитель фуры, перевозившей груз весом более 35 тонн, из-за образовавшегося на дороге гололеда, не мог подняться на подъем. Сложившаяся ситуация стала опасной не только для самого водителя, но и для других участников дорожного движения.

На помощь поспешил экипаж батальона патрульной полиции в составе Буркута Алшинбаева и Дархана Мажитова. Сотрудники полиции сразу же организовали работу по буксированию данного транспорта на подъем, а также обеспечили безопасность движения на данном участке автодороги

В завершении спасательной операции водитель выразил слова благодарности в адрес полицейских.

11:56
434
Нет комментариев. Ваш будет первым!