Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Көкшетауда «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті

​Көкшетауда «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті

Көкшетауда облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, мердігер ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіровтің айтуынша, Қосшы және Көкшетау қалалары мен аудандардың әкімдіктері салынып жатқан «жайлы мектептерді» инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жобалау жұмыстарын жүргізуде. Целиноград ауданының әкімдігі 1 ақпанға дейін жобаларды сараптамаға жібереді.

Атап айтқанда, 2 өңірде жобаларды жүзеге асыру басталды. Целиноград ауданында мектеп ғимараттарының құрылысы жүріп жатыр, Көкшетау қаласында жер жұмыстары жүргізілді, жақын арада ғимараттардың құрылысы басталады.

2023-2024 жылдары жобалық қуаттылығы 12200 орындық 9 мектеп, оның ішінде Целиноград облысында 7 мектеп және Көкшетау қаласында 2 мектеп салу жоспарлануда.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоспарланған іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын жүзеге асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Жаңа мектеп өз атына сай болуы керек. Ең бастысы сапалы материалдарды пайдаланып белгіленген мерзімде салу қажет», - деді Марат Ахметжанов.

23:39
133
Нет комментариев. Ваш будет первым!