Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​АҚМОЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМДІККЕ БІРЫҢҒАЙ ОРТАЛЫҚ АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАДЫ

​АҚМОЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМДІККЕ БІРЫҢҒАЙ ОРТАЛЫҚ АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАДЫ

2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Көкшетау қаласында облыстық азаматтарды қабылдау орталығы жұмысын бастады. 2024 жылдың 10 қаңтарында жаңа орталықта азаматтарды бірінші болып Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қабылдады.

Азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қабылдауына жазыла алады, сондай-ақ кеңес ала алады. Кездесулер кесте бойынша өтеді.

Кімге жазылуға болады:

  1. Ақмола облысының әкімінің, оның орынбасарларының;
  2. облыс аудандары мен қалалары әкімдерінің;
  3. облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің (басқармалар мен департаменттер);
  4. аумақтық департаменттердің.

Қандай қызметтер алуға болады?

  • Әлеуметтік және тұрғын үй көмегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері бойынша өтініштер қабылдау және кеңестер беру
  • Құрылымдық бөлімшелердің қабылдауына жазылу
  • «e-Otinish» жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың қабылдау туралы өтініштерін тіркеу

Жұмыс кестесі:

Азаматтарды қабылдау орталығы Сәтпаев көшесі, 1-үй, а корпусы мекенжайында жұмыс істейді

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін

Байланыс телефоны: 8(7162)297251

21:58
130
Нет комментариев. Ваш будет первым!