Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмолалық партияластар ауылдық округ әкімдерімен кездесуде!

Ақмолалық партияластар ауылдық округ әкімдерімен кездесуде!

Ауылдың қазіргі ахуалы, шешімін таппай келе жатқан өткір мәселелер, ауыл әкімінің рөлі мен мәртебесі және олардың қызметтеріндегі кедергілер. Осы және басқа да өзекті мәселелер «AMANAT» партиясынан сайланған ауылдық округ әкімдерінің партияның Ақмола облыстық филиалының басшыларымен кездесуі барысында талқыланды.

Облыстық филиалдың ұйымдастырымен Жақсы ауданында Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Есіл және Жарқайың аудандарының ауылдық округ әкімдері жиналып, пікір алмасты.

Жылдар бойы шешімін таппайтын мәселелер, маман тапшылығы, бюджет жетіспеушілігі сынды көп мәселенің басы қасында жүрген ауыл әкімдері мемлекеттік сатып алу мәселелерінде туындайтын сұрақтарды да талқылады.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов «Өздеріңіз білетіндей 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлауы өтіп жатыр. «AMANAT» партиясы, бұл реформаны жүзеге асыруға толықтай кірісті. Жалпы 2021 жылдан бастап 210 ауыл әкімдерінің сайлауы өтті, Партиямызыдың ел алдындағы беделінің және атқарылған үлкен жұмысының арқасында, барлық сайлау науқандарында «АMANAT» партиясының мүшелері жеңіске жетті», деді.

2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлауы өтіп жатқандығынғ халықтың қырық пайыздан астамы ауылда тұратындығын, ауыл әкімдерін сайлауы ең алдымен ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін өткізілетіндігіне баса назар аударды.

Кездесуге сөз алған Державинск қаласының әкімі Заур Смағұлов әкімдерді тікелей сайлау, жұмыс тәсілі
мен әдістеріне тоқтала өтіп, Державинск қаласындағы хал ахуалды жеткізді. Ал, Зеренді ауданы Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Ерлан Қожабеков өзінің әкімдер сайлауына түскендегі берген уәделерінің орындалуы мен халықтың талап тілектерін шешу барысына тоқталды. Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылдық округінің әкімі Инна Дырдика партиялық жобаларды жүзеге асырудағы ауыл әкімдерінің рөліне тоқталды.

Сыбайлас жемқорлық, мемлекттік сатып алу ісіндегі жауапкершілік, әлеуметітк желідегі жұмыс, коммуникация негіздеріне сараптама жасаған «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлаз Жайықпаев жол құрылысы, әлеуметтік нысандарды салу кезіндегі мемлекеттік сатып алу мен бюджетті игеруде жіберілетін қателіктерге тоқталды.

Партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова партиялық жобаларды жүзеге асыру, партия ішілік жұмыстар, партияластардың сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудағы рөлі, сайлаушылардың ұсыныс тілектерін орындау бойынша тың мағлұмат берді.

Кездесу соңында алты ауданнан келген ауылдық округ әкімдері Жақсы аудандық спорт мектебі мен балалар шығармашылық үйін аралап, шығармашылық жетістіктерін тамашалады.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының жыл басындағы алғашқы бастамасы одан әрі жалғасын тауып, бастауыш партия ұйымдары, депутаттық фракция мүшелерін қатыстыра отырып жер жерлерді аралап, кездесулер ұйымдастыруы одан әрі і жалғаса бермек. 

10:34
251
Нет комментариев. Ваш будет первым!