Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақын жерлесіміздің жаңа кітабы жарық көрді

Ақын жерлесіміздің жаңа кітабы жарық көрді

Еліміздің ұлы мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында, аудандық Мәдениет үйінде жерлесіміз, мәдениет саласының ардагері, жалпы Көкше өңіріндегі дара ақын қыз атанған Күләш Сәбікенқызы Рақымжанованың «Қиянат» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мереке Мұстафин, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Күләш Сәбікенқызы, бүгінде қаламын қолынан түсірмей, қазақ халқының, жастардың мұң-мүддесін, отбасыдағы бала тәрбиесі сияқты келелі мәселелер туралы әр түрлі мақалалар, қалың жұртқа арнап бірқатар жинақтарын шығарған болатын.

Кезекті «Қиянат» атты жинағында автордың тарихи деректерге сүйене отырып, өткен жырау-ақын, бабалардың еңбегінен оқырманға үзінділерін әдемі ұсына біліп, өмірінен көптеген қызық әңгімелер келтіруі, еңбек ерлерін ардақтауы, жүректен шыққан жырлары, туған ел, тәуелсіз Қазақстанның болашағы туралы ойы толық берілген.

Кеш барысында авторды кезекті туындысымен аудан басшысы Мереке Мұстафин, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, жерлесіміз, өлкентанушы Жеңіс Темірхан, облыстық «Қоғамдық келісім» бірлестігінің төрағасы Манат Исмағұлов, аудан ақсақалдары Тілекен Төлебаев, Марат Оспанов құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, алда талай шығармашылық табыстар тіледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы қарсаңында шыққан бұл жинақ оқырман үшін үшін құнды дүние, жас ұрпақ үшін пайдасы мол болады деген сенім білдірілді.

№2 Зеренді мектебінің оқушылары Күләш Сәбікенқызының «Мен жастарға сенемін» поэмасынан үзінділерін оқыса, Мәдениет үйінің қызметкерлері «Зерендім» әнін шырқады.

Тұсаукесер соңында автор жаңа шыққан кітабын қатысушыларға табыс етті.   

12:32
3259
Нет комментариев. Ваш будет первым!