Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Көкшетауда жанып жатқан көлік сөндірілді

​Көкшетауда жанып жатқан көлік сөндірілді

Көкшетау қаласында 4 ш.м. алаңда жеңіл автокөлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі, Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Шақыру орнына Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есебі шыққан болатын. Өрт 14 минут ішінде оқшауланып, жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Көкшетау қаласында 32 автокөлік өртеніп кеткен. Ақмола облысының ТЖД халықты өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

Өртті сөндіруге: азаматтық қорғау майоры Әліби Сәрсенбай, азаматтық қорғау старшинасы Арман Қалиев, азаматтық қорғау аға сержанты Серік Қасымов, кіші сержант Жанат Сары, Әлішер Қожахан және Береке Кәкен қатысты.

01:55
95
Нет комментариев. Ваш будет первым!