Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Шортанды ауданында тұрғын үй екі рет өртенген

​Шортанды ауданында тұрғын үй екі рет өртенген

Кеше түнгі сағат 23:51-де Шортанды ауданы Бозайғыр ауылындағы екі қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйдің №6 пәтерінде өрт шықты.

Өрт сағат 00:30-да оқшауланып, сағат 01:30-да жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін таңертең сағат 08:35-те сол үйдің №7 пәтерінде өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт локализацияланған. Өрт орнында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамның 11 адамы және 2 бірлік техникасы, Астана қаласы ТЖД 8 адам және 3 бірлік техника жұмыс істеуде. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өрт орнында Ақмола облысы ТЖ Департаментінің өрт зертханасы мен анықтаушылары бар жедел топ зерттеу жүргізуде.

Жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарды қоныстандыру бойынша барлық шаралар қабылданды.

14:19
100
Нет комментариев. Ваш будет первым!