Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы волейболдан ашық қайырымдылық турнир өткізді

«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы волейболдан ашық қайырымдылық турнир өткізді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы волейболдан ашық қайырымдылық турнир өткізді. Спорттық жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Олар «Ақ жол», «Елтай», «ВАТК» , «Астана Волейбол KIDS» , «Жастар», «12 орта мектеп», «Көкшетау» және «Легион» ВК» командалары.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сыздықов Саят Төлегенұлы жарыстың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Бас төреші жарыс ережелерін түсіндіріп, командаларды алаңға шақырды. Жарыс қызу, әрі қызықты өтті.

Осылайша «Легион» ВК командасы турнир жеңімпазы атанды. «Астана Волейбол KIDS» командасы екінші орынды, ал «Ақ жол» командасы үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, жарыста тамаша ойын көрсеткен ойыншылар да номинация бойынша марапатталды. «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Мақсат Айсин, «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша Дулат Рзатаев, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Мұхаммед Сағымбаев, және «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Ілияс Ибрагимов марапатталды.

Жеңімпаз командаларға медальдар, дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Бұл спорттық іс-шараның тағы бір мақсаты – жарыстан түскен барлық қаражатты қайырымдылыққа жұмсау болып табылады. Барлық қаражат Арман Бердалин басқаратын «Мейірім тамшысы» қайырымдылық қорына табысталды. Бұл қайырымдылық қоры үш жылдан аса мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді. Осы жылдар ішінде мыңнан астам отбасыға 76 тонна азық-түлік таратты.

Ақмолалық ақжолдықтар Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыс өткізіп, қайырымдылыққа да назар аудартты.

11:10
263
Нет комментариев. Ваш будет первым!