Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Мүдделер қақтығысы» деген не?

«Мүдделер қақтығысы» деген не?

Мүдделер қақтығысы – бұл адамның жеке мүддесін оның лауазымдық (қызметтік міндеттерін) міндеттерін тиісінше орындауына ықпал етуі мүмкін жағдай. Бұл жағдай азаматтардың, қоғам мен мемлекет ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

Жеке мүдделік деп мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде тікелей өзіне немесе жақын туыстарына немесе жекжаттарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметкермен байланысты азаматтар немесе ұйымдар үшін ақшалай не заттай нысандағы табыс, материалдық пайда түріндегі табыс алу мүмкіндігі, қаржы немесе өзге де міндеттемелер түсініледі.

Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызметшіге лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

Аталған адамдар мүдделер қақтығысын шешу және алдын алу реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

Мемлеттік қызметші тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшы немесе ұйымның басшылығы адамдардың өтініштері бойынша немесе ақпаратты басқа көздерден алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша келесі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша адамдарды лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттету және лауазымдық міндеттерін атқаруды басқа адамға тапсыру;

2) лауазымдық міндеттерді өзгерту;

3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдау.

Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 504 бабының 6 тармағына сәйкес таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республика заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдауға шектеу қойылды, әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстық жазаланатын іс-әрекетінің белгілері болмаған жағдайда оларды сақтамау, адамдардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Ақмола облысының Әділет департаментімен (бұдан әрі – Департамент) тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Ақпараттық - түсіндіру сипатындағы семинарлар, дәрістер өткізіледі, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын және Этикалық нормаларды түсіндіру бойынша қызметкерлердің мақалалары департаменттің интернет-ресурстарында және БАҚ-тарында жарияланады, департамент басшылығымен шалғай елді мекендерде тұрғындармен кездесулер жүзеге асырылады.

Департаментте атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі байланыс орталығы, "Сенім телефоны", Құқықтық ақпараттық қызмет жұмыс істейді.

Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Департамент Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп облыс кәсіпорындарында "Әділет кеңес береді" акциясын өткізеді.

Динара Ибраева,

                                 Әкімшілік бөлімінің басшысы. 

00:16
157
Нет комментариев. Ваш будет первым!