Ақмола облысында "Қауіпсіз қоғам" науқаны басталды
Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық мәселелермен және вандилизммен күресу мақсатымен «Қауіпсіз қоғам» науқаны басталды.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалы мен облыстық полиция департаменті бірлесіп ұйымдастарды.
Қоғамдық акция аясында желілік кесте құрылған. Соған сәйкес түнгі рейдттер, түсіндіру жұмыстары және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Аталған рейд барысында көлік жүргізушілеріне қоғамдық тәртіпсіздіктер мен келеңсіз оқиғалардың алдын-алу туралы жадынамалар таратылды.
Тәртіп сақшылары мен белсенді жастар түнгі ойын-сауық орындарын тексеріп, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің мұндай мекемелерде жүрмеуін қадағалайды. Желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын шарада құқық бұзушылыққа жол берген мекемелер анықталып, тиісті шаралар қолданады.
Акцияның алғашқы күні «Жастар рухы» жастар қанатының АОФ филиалының өкілдері мен Ақмола облыстық ПД қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде құқық бұзушылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, интернет-алаяқтық, отбасылық-тұрмыстық мәселелер бойынша кең мағлұмат берілді.
Республикалық қоғамдық науқан жыл соңына дейін жалғасады.
«AMANAT» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі