«Самұрық-Қазына» АҚ Ақмола облысында «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасын іске қосты
2023 жылдың 20 қазанында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Ақмола облысында «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасы басталады.
Кешенді жобаның мақсаты - халықтың ең осал топтарының өкілдері, оның ішінде: көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, сондай-ақ жалғыз бала тәрбиелеп отырған отбасылар, аз қамтылған отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар отбасылар және жастардың болашақта өз істерін бастау үшін қажеттіжаңа дағдыларды үйрету және тәлімгерлік қолдау көрсету. «Табысты отбасы» аясында тәлімгерлік қолдау, тәжірибелік сабақтар, шеберлік сабақтар, сондай-ақ «Цифрлық дағдылар», «Азық-түлік өндірісі», «Сұлулық индустриясы» және «Ерлердің кәсіптері» сынды төрт бағыттың бірі бойынша мамандандырылған оқыту қарастырылған, сонымен қатар қатысушыларға жеке көзқарас пен 150 АЕК көлемінде өз кәсібін ашу үшін қажетті құрал-жабдықтарды алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Ақмола облысы бойынша барлығы 50 тұрғынды оқыту жоспарлануда.
«Бұл «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы бірінші кезекте ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған отбасыларға бағытталған, бұл Республика Президентінің бастамаларына толық сәйкес келеді.Қор қызметінің ірі қалаларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар ауылдар мен шалғай аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталғаны маңызды.Сондықтан біздің облысымызға халықтың экономикалық белсенділігін дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану маңызды.«Табысты отбасы» жобасы әлеуметтік жағынан осал отбасыларға өз кәсібін ашу арқылы табыстарын арттыруға көмектесетініне қуаныштымын және сенімдімін», – деп атап өтті өз сөзінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина.
«Мемлекет басшысы халыққа жолдауында халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.Жеке кәсібіңді ашу, пайдалылығын арттыру, құзыреттілігі мен білімін арттыру – мұның бәрі әлеуметтік осал отбасылар үшін де, жалпы ел үшін де өте маңызды.«Табысты отбасы» жобасы аясында жергілікті ерекшеліктерді ескеретін заманауи әдістерді қолдана отырып, білікті тәлімгерлерді оқыту және қолдау көрсету маңызды», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі.
«Табысты отбасы» жобасы келесі құрамдас бөліктерден тұрады: тәлімгермен жеке консультациялар мен мастер-сессиялар, мамандандырылған тренинг, жеке өсу және іскерлік дағдыларды дамыту бойынша тренинг, оқыту аяқталғаннан кейін брендтік және тәлімгерлік қолдау көрсету.Айта кетейік, жобаның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, республиканың Ұлытау, Абай, Жетісу, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстары сияқты бес өңірінде сәтті жүзеге асырылды.Барлығы 300 жоба түлегі оқытылып, микробизнестерін дамыту үшін құрал-жабдықтар алды.Алған білімдері мен дағдыларының арқасында көптеген қатысушылар кондитерлік цехтарды, ательелерді және сұлулық салондарын ашу арқылы бизнесін кеңейтті.. «Табысты отбасы» түлектерге өз күштеріне сенуіне көмектесті және олардың жеке тұлға ретінде дамуына ынталандырды.Жобадан кейін «Табысты отбасы» түлектері түрлі байқауларға, қалалық көрмелерге, республикалық фестивальдерге және телебағдарламаларға сенімді түрде қатысты.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландыратын «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы - бұл азаматтар үшін өз ісін сенімді ашу, кәсіпкерліктің негізгі принциптерін үйрену, өз мүмкіндіктеріне сену және тұрақты табыс көздерін алудың бірегей мүмкіндігі.
«Табысты отбасы» қайырымдылық жобасының жүзеге асырылу кезеңдері туралы ақпарат БАҚ-та және жобаның Instagram желісіндегі @tabysty.otbasy парақшасында жарияланады.