Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Облыс әкімдігінде полиция департаментінің жаңа бастығы таныстырылды

​Облыс әкімдігінде полиция департаментінің жаңа бастығы таныстырылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев өңір активіне Президент Әкімшілігінің келісім бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған полиция департаментінің жаңа бастығы Нұрсұлтан Мұқашевті таныстырды.

Облыс басшысы қазіргі уақытта халық полицейлер арқылы бүкіл құқық қорғау жүйесінің жұмысына жалпы баға беріп отырғанын атап өтті.

«Полицияның басты міндеті - халықтың құқықтық тәртіп ұйымдарына деген сенімі мен тыныштығын қамтамасыз ету. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді М.Ахметжанов.

Өз кезегінде Қайрат Сөнтаев Нұрсұлтан Мұқашевтің ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысы ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі лауазымынан бастағанын, Әр жылдары Қарағанды облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында, Қарағанды қаласы полиция басқармасында қызметтерін атқарған, Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болып істегенін хабарлады.

Соңғы лауазымы - Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.

«Бағыныштылар арасында құрметке ие, жедел шешімдер қабылдай біледі. Полковник Н. Мұқашев қызметтің бағыты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ететініне сенімдімін», - деді таныстыру кезінде Қ. Сөнтаев.

16:39
117
Нет комментариев. Ваш будет первым!