Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Обеспечение водой жителей Егиндыкольского района обсудили с участием мажилисмена

Обеспечение водой жителей Егиндыкольского района обсудили с участием мажилисмена

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр. Бүгін ол Егіндікөл ауылында болды. Алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауыз су тапшылығы туралы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп жұмыс жопарын талқылады.

Қорғалжын ауданының аумағы арқылы өтетін су құбырының жиі бұзылуына байланысты 3 сәуірден бастап Қоржынкөл және Бауман ауылдарына ауыз су толық бармайды. Ал, биыл 2 маусымда Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Нұра топтық су құбыры 14 564 тұрғыны бар 24 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді. «Су құбырының 90%-ы тозығы жеткен. Тіпті, басқа да жерлерде су жиі тоқтап қалады. Жыл басынан бері су құбырында 79 апат тіркеліп, ал жекелеген учаскелерде су шығыны 70-80%-ға жетті. Елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық желілердің зақымдалған учаскелерін толық ауыстырып, магистральдық су құбырын жаңалау қажет»,- деп баяндады Егіндікөл ауданы әкімінің Ерлан Мұхамедин.

Юлия Кучинская су шығару үшін қазылған құдықтарды көріп шықты. Тұщы су шығару мақсатымен қазылған құдықтардан әлі де болса таза су болмай тұр. Бүгінгі күні Егіндікөл ауданы әкімдігі халыққа, оның ішінде әлеуметтік нысандарға, су бағаналары жоқ екі қабатты құрылыстарға су жеткізіп беріп жатыр. «Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің және партияның назарында. Сондықтан алдағы депутаттық жұмысымда бұл маңызды мәселені көтеріп, шешу жолын қарастыратын боламыз»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская.


Депутат Мажилис Парламента РК Юлия Кучинская находится с рабочей поездкой в Акмолинской области. Сегодня она встретилась с членами фракции «AMANAT» в Егиндыкольском районном маслихате, где обсудили проблемы с обеспечением водой жителей района.

В связи с частыми порывами на водопроводе, проходящем по территории Коргалжынского района с 3 апреля полностью не поступает питьевая вода в села Коржинколь и Бауманское, а 2 июня года на территории Егиндыкольского района объявлена чрезвычайная ситуация техногенного характера местного масштаба. От Нуринского группового водопровода обеспечивается водоснабжением 24 населенных пункта численностью 14 564 человека. О ситуации на текущий момент доложил акима района Ерлан Мухамедин. «Водопровод ветхий и изношен на 90%. Перебои с водой даже на еще действующем участке случаются довольно часто. Только с начала 2023 года на водоводе произошло 79 аварий, а потери воды на отдельных участках достигают 70-80%. Для стабильной подачи воды в населенные пункты района необходима полная замена поврежденных участков магистральных сетей и экстренная замена участков магистрального водопровода», - отметил он.

Мажилисмен Юлия Кучинская выехала на участок, на котором пробурили скважины. Но вода из скважины остается также не пригодной для пользования. На сегодняшний день акиматом Егиндыкольского района организован подвоз воды населению, в том числе на социальные объекты, двухэтажные сооружения, не имеющие водоразборные колонки.

"Этот вопрос находится в центре внимания Мажилиса Парламента и партии «AMANAT». В предстоящей депутатской работе мы поднимем данную проблему и еще раз обсудим пути решения», - сказала депутат Юлия Кучинская. 

17:50
230
Нет комментариев. Ваш будет первым!