Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Азамат Дулатұлы Біржанов 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, Көкшетау қаласының ақпаратына сүйене отырып, 716.kz хабарлайды.
Азамат Дулатұлы 1989 жылы 21 сәуірде Ақмола облысы Біржан-Сал ауданы Мамай ауылында туды.
2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетін «кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша, 2017 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы қоғамдық тамақтану саласында бастады, 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалында кеңесші болып жұмыс істеді, 2014 жылы бөлім меңгерушісі лауазымына ауыстырылды, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Amanat» партиясы орталық аппаратының қоғамдық қабылдау меңгерушісінің орынбасары лауазымында қызмет етті.
