Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

ҚР қызмет етемін!

ҚР қызмет етемін!

29 шілде күні Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі жеңіс саябағында Астана,Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, ШҚО, облыстарынан шақырылған 155 жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне келтірілді. Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіру үшін Қостанай қаласының әкімшілігі, Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Тоқтаров Берік Серікұлы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.

- Ел алдында ант қабылдау нағыз ерлердің ісі, қабылдаған күннен бастап саптағы әрбір әскери қызметші Республикамыздың алдында әскери қызметшісі атанып, елін қорғау жолында қызметке түседі. Анттарыңа адал болыңдар сарбаздар,- деп құттықтау сөзінде 6697 әскери құрамының командирі полковник Әбдіров Талғат атап өтті.

Айта кетейік, аталмыш 6697 әскери бөлімі 52 жыл көлемінде Қостанай, Жетіқара қалаларында сотталғандарды түзеу мекемесіне отырғызылғандарды күзету және қаламыздың ішкі тәртібін қорғау жолында аянбай тер төгіп қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

13:04
247
Нет комментариев. Ваш будет первым!