Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Нұрбанк спортшылардың Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындарына баруын қаржыландырды

Нұрбанк спортшылардың Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындарына баруын қаржыландырды

Көп жылдар бойы қайырымдылық қызметі «Нұрбанк» АҚ корпоративтік мәдениетінің ажыратылмас бөлігі болып табылады. Банктің әлеуметтік саясаты мұқтаж жандарға жеке түрде көрсетілетін атаулы көмек көрсету болып табылады.

Банк Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет ауылындағы 203 қамқорлықтағы балаға қамқорлық жасайтын Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен ынтымақтастықтың жақсы дәстүрін қалыптастырды. Банк Орталықтың психикалық ауруына шалдыққан спортшыларына 2023 жылғы Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындарына Берлинге барып-келу жол ақысын төлеу арқылы қолдау көрсетті. Орталықтың үш қамқоршысы жарысқа қатысып, тамаша нәтиже көрсетті.

Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындары әлемде ірі инклюзивті спорттық іс-шара болып табылады. Бұл халықаралық қозғалыс, оның мақсаты зияткерлік және көптеген мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік өмірдің белсенді қатысушысы болуға көмектесу. Іс-шараны Олимпиада ойындарын ұйымдастырушысы Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде мойындады және Олимпиада ойындарымен қатар Olympics, яғни «Олимпиадалық» атауын алуға рұқсат етілген жалғыз спорттық қозғалыс. Ойындар әр 4 жылда өтеді. Берлинде зияткерлік және көптеген мүмкіндіктері шектеулі бірнеше мың спортшы спорттың 26 түрінен сынға түсті.

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үш спортшысы Қазақстанның атынан пауэрлифтингтен жарысқа шықты. Пауэрлифтинг – күш-қуатпен сынасатын спорттың түрі. Оны жиі күшті триатлон деп те атайды. Бұл жарыс пәндері ретінде штангамен отырып-тұру, итеріп көтеру, тік тұрып көтеру және комбинация жаттығулары қамтылуына байланысты. Спортшыға ең ауыр салмақтың қарсылығын жеңу үшін үш мүмкіндік беріледі.

Спортшылар Иван Алиев, Оксана Сарычева және Александра Андрющенко тамаша нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасына үш түрі - штангамен отырып-тұру, итеріп көтеру, тік тұрып көтеру және комбинация бойынша 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль әкелді. Олар жеңіс үшін белсенді күресіп, дайындықтары жоғары деңгейде екенін көрсетті.

«Біз бірнеше жылдан бері халықаралық аренада еліміздің намысын қорғап келе жатқан біздің қызметті алушылардың спорттық жетістіктерін мақтан тұтамыз, сонымен қатар Нұрбанкке көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз», - дейді Орталықтың директоры Ерлан Нурланович Шахметов.

«Демеушілік бастамаларды таңдаған кезде біз шешім қабылдауда әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа аламыз. Біз 2023 жылғы Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысушыларды қолдап, олармен жеңіс қуанышын бөліскенімізге қуаныштымыз. Бұл тамаша балалардың еңбексүйгіштігі, адалдығы мен керемет табандылығы жаңа спорттық биіктерге жетуге, әлеуметтік бейімделуге және әлеуметтенуге өзіндік трамплин болатынына сенімдіміз», - дейді «Нұрбанк» АҚ Көкшетау қ. филиалының директоры Бота Конарбаевич Танкаев.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген «Нұрбанк» АҚ-тыңлицензиясының №1.2.15/193.

—
15:11
267
Нет комментариев. Ваш будет первым!