Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Қостанай ұландары суға батып бара жатқан азаматты құтқарды

Қостанай ұландары суға батып бара жатқан азаматты құтқарды

Шілденің 7-і күні сағат 18 .45 шамаларында Қостанай қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау үшін бөлінген Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің жасағына Тобыл өзенінің жағасында бейтаныс адамның суға батып жатқаны жайында ақпарат түседі. Аталған жәйт бойынша әскери жасақ бастығы аға лейтенант Ғалымжан Исмаил оқиға орнына жетіп, азаматты құтқаруға кіріседі.

"Оқиға кешкісін болды, әскери жасақтарды тексеруде жүр едім, кенет Тобыл өзенінің жағалауында бір азамат қасыма келіп, досының суға батып бара жатқанын айтты. Уақытты жоғалтпай бірден көмектесуге ұмтылдым, дейді әскери жасақ бастығы аға лейтенант Ғалымжан Исмаил.

Әскери жасақ бастығы дереу уақытты жоғалтпай оқиға болған жерде Бондарев Виктор есімді азаматтың субетінде жаралы күйінде жатқан жерінен құтқарып алып шықты және 1-ші көмек көрсетілді.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

11:36
246
Нет комментариев. Ваш будет первым!