Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысың Жарқайың ауданында Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

Ақмола облысың Жарқайың ауданында Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласында орналасқан 6636 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 218 сарбаз бабалардан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған сарбаздардың ата-ана, ағайын-туыстары Ұлттық ұлан қатарына қабылданып жатқан ұлдарын көріп көзайым болды. Жиын басында сөз алған 6636 әскери бөлімінің командирі подполковник Бауыржан Барышев: «Жас сарбаздар, сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап, Отан қорғаушысының қатарына қосылғалы тұрсыздар. Осы уақыттан бастап сіздерге жүктелген міндет те зор болмақ. Өйткені, әскери ант – әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Онда Отанды қорғаудың, оның ішінде халыққа және заңды сайланған Президентке адал қызмет етудің айқын белгілері бар. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау – парыз және қасиетті міндет. Сіздердің міндеттеріңіз – өздеріңізге жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау. Туған жерімізге тер төгіп, антқа адал болу», - деп жас сарбаздарға жалынды сөздерін арнап, жігерлерін жаныды.

Ұлттық ұлан қатарына қосылып Отан алдында ант қабылдауларымен сарбаздарды бөлім қолбасшылығынан бөлек, «Орталық» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Алтынбек Жүсіпов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Гүлжан Нұрмағамбетова, ата-аналар, сарбаздарға осы қабылдаған әскери анттарына адал болуларын, әскери қызметтің қиындықтарына мойымай табандылықпен төтеп беруге шақырып, борыштарын ойдағыдай өткеріп, үйлеріне, ата-аналарына аман-есен оралуларын тіледі.

Бір ай көлемінде оқу пунктінде жас жауынгер курсынан өткен сарбаздар ата-аналарға, жиналған қонақтарға өздерінің шеберліктерін, кәсіпқойлығын және іс-қимылдары­ның үйлесімдігін, өте қысқа мерзімде алған кинологиялық машық-дағдыларын көр­сет­ті. Қарумен және қарусыз саптық амал­дарды көрсетіп, алаңнан салта­нат­ты маршпен жүріп өтті. 

Державин қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімінің 2-атқыштар батальоны 2011 жылы құрылған болатын. 2013 жылдан бастап, жас сарбаздармен толықтырыла бастады. Бұған дейін бір мерзімде тек қана 50-60 қабылданатын болса, биылғы жылдан бастап, сарбаздар саны ұлғайды. Әскери бөлімнің міндеті түзету мекемелерін күзету, бақылау және тұтқындардың мекемеге жеткізілуін қамтамасыз ету болып табылады. 

Ұлттық ұлан қатарындағы әскери қызмет кешегі жастарды елінің лайықты азаматы болуға баулиды, Отанына берілген ерлерді тәрбиелейді.  

15:16
3327
Нет комментариев. Ваш будет первым!