Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Депутаттар – ел мүддесі үшін!

Депутаттар – ел мүддесі үшін!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ретінде «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумына қатыстым. Оның жұмысына 3 мыңға жуық адам қатысса, олардың 2,5 мыңы немесе еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы – жергілікті өкілді органдардың аманаттық депутаттары. Ақмола облысынан 178 депутат қатысып, 11 палельдік сессия аясында министрлерге сұрақ қойды. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов аманаттық депутаттар әкімдіктермен өзара тиімді қарым-қатынас жасауы тиіс екенін, себебі сайлауалды уәделерді орындау осыған келіп тірелетінін ерекше атап өтті.

«Мәслихат депутаттарының өкілеттілік аясы кең, олар өңірдің дамуына ықпал ете алады. Дәл осы мәслихат депутаттары облыс әкімін сайлайды, тексеру комиссияларын құрып, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен бюджетті бекітеді. Бұл – мәслихаттар әкімдіктермен қатар өңірлердегі өмір сапасына жауапты деген сөз», – деді ол.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Сайлауалды тұғырнамасын және «AMANAT» партиясының бағдарламасын іске асыру Үкімет жұмысының негізі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Үкімет басшысы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға биыл 100 млрд теңге бөлінетініне тоқталды.

«Жоба 7 жылда 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтиды. Бұған 1 трлн теңге қарастырылды. Агроөнеркәсіптік кешенде 536 млрд теңгені құрайтын 300-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Көктемгі егіс және орақ науқанын жеңілдікпен несиелендіру көлемі биыл 140 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру мөлшері 145 млрд теңгеге жетті», – деді Үкімет басшысы.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қоғамдық сана өзгермей, мемлекет пен қоғамның жаңа сапасы қалыптаспайды деп есептейді. Ол президенттік реформалардың мәні негізгі саяси институттарды нығайту екенін атап өтті.

Жалпы, форум жұмысы мағыналы әрі сапалы өқтті деуге болады. Аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары тікелей сұрақ қоюға, жауап алуға мүмкіндік алды. Ең маңызды деген тақырыптар бойынша мықты дисскуссия болды. Форум жұмысы алдағ,ы уақытта да жалғасын таады. Бұл депутаттардың өз құзіретін кеңінен пайдалануға мол мүмкіндік бермек.

Абай Жорабек,

«AMANAT» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаты,

Есіл ауданы.

12:56
227
Нет комментариев. Ваш будет первым!