Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тақырыптық кеш өтті

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тақырыптық кеш өтті

Біржан сал ауданданындағы кітапханада Астананың 20 жылдық мерекесіне орай аймақтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Астана ардағым!» атты тақырыптық кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорттық жарыстарға белсене қатысқандары үшін алғысын білдіріп, салтанатты түрде республикалық және облыстық спорттық жарыстарда қатысқан жүлдегерлер Юрий Жуковқа, Нұрлан Айнке, Бота Сматаеваға, Сағат Беляловқа, Дмитрий Колпаковқа, Болат Айтымовқа, Ахтелек Асылбекке, Айгүл Тоқсановаға сыйлықтар мен грамоталар сыйға тартты.

Іс-шара барысында облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Серік Әкімбаев Біржан сал ауданына осындай шара өткізгендері үшін алғысын білдіріп, бірнеше жанға сыйлығын табыс етті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өміртай Жомартов партия мүшесі Б.Айтымовқа естелік сыйлық табыстады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Назгүл Құлағнанова барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, аудан әкімінің атынан сақау-саңырау клубының меңгерушісі Роза Айтмағамбетоваға сыйлық тарту етті. 2 топтағы мүгедек Ербол Амандосов үкіметтік емес ұйым жарлығының жобасымен таныстырылып, осы бағытта жұмыс жүргізуге ниетін білдірді. Жиын аудан орталығындағы мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаның көрермендерге жағымды әсер қалдыруымен аяқталды. Бұл кеште мүмкіндігі шектеулі адамдардың ер жүрек екендігі тағы бір дәлелденді.

10:54
3098
Нет комментариев. Ваш будет первым!