Как защищаются права акмолинцев, обсудили в Кокшетау
Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қабырғасында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Динара Тәженова жұмыс кеңесін өткізді.
Осы кеңес аясында екі ведомствоның адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылының жартыжылдық қорытындысы шығарылды.
Департамент басшысы Дастан Бөкешев жауап алу кабинеттері заманауи бейнекамералармен жабдықталғанын, бұл "соқыр" аймақтарды толығымен жоққа шығаратынын айтты. Сонымен қатар, онлайн режимінде мүдделі тұлғалар өтіп жатқан тергеу әрекеттерін бақылай алады.
Өз кезегінде, өкіл Динара Тәженова Департамент қызметкерлерінің экономикалық қылмыстар мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюын, атап айтқанда қаржы пирамидаларына тартылуын атап өтті.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша басшылар адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Сондай-ақ, қаржылық қауіпсіздік және адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша алдын ала түсіндіру мақсатында халықпен кездесу үшін аудандарға бару жоспарланған.
В стенах областного Департамента экономических расследований прошло рабочее совещание с представителем Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан по Акмолинской области Динарой Таженовой.
В рамках данного совещания были подведены полугодовые итоги взаимодействия двух ведомств в сфере защиты прав человека.
Руководитель Департамента Дастан Букешев сообщил, что кабинеты допроса оснащены современными видеокамерами, что полностью исключает «слепые» зоны. Более того, заинтересованные лица в онлайн-режиме могут наблюдать за проходящими следственными действиями.
В свою очередь, Представитель Динара Таженова отметила оперативное реагирование сотрудников Департамента на обращения граждан по вопросам экономических преступлений, в частности вовлечение в финансовые пирамиды.
По итогам рабочего совещания руководители договорились продолжать взаимодействие в сфере защиты прав человека. Также запланированы выезды в районы для встречи с населением с целью превентивных разъяснений по финансовой безопасности и недопущению нарушения прав человека.