Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Burabaу Summer Fest» фестивалінде ақмолалықтар жүлдегерлер қатарынан табылды

«Burabaу Summer Fest» фестивалінде ақмолалықтар жүлдегерлер қатарынан табылды

Облыс орталығы Көкшетау қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мамыр айында «Burabaу Summer Fest» І халықаралық телевизиялық фестивалінің іріктеу кезеңі өткен болатын, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

176 қатысушыдан Ерейментау, Есіл, Зеренді аудандарынан, Астана қаласының дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан және Біржан сал атындағы музыкалық колледжінен  18 бала іріктеліп алынған.

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Астана қаласындағы «Қазақстан» концерт залында  «Burabaу Summer Fest» І халықаралық телевизиялық фестивалінің гала-концерті өтті.

Жарқыраған орындауының нәтижесінде Зеренді ауданынан Аида Әбілқасым және Ерейментау ауданынан Бейбарыс Айтмұғамбетов 3 орын иегерлері атанды.

12:27
3351
Нет комментариев. Ваш будет первым!