Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи әдістері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи әдістері

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін, заманауи қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Әлемде бір де бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жойған жоқ, тек қана оның деңгейін төмендетуге болады. Бір қаунтарлығы, біздің мемлекет аталған әлеуметтік зұлыммен белсенді түрде күресіп келеді, бұның жарқын дәлелі оны қысқарту үшін қабылданатын шаралар болып табылады.

2022 жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітілгендігін атап өту қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған уақыттан бастап, біздің мемлекетте сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілген, ашық конкурстық іріктеудің тетіктері арқылы меритократия қағидаттары, құзыреттілік негізінде ілгерілеу енгізілген.

Топтық ауысулар үшін шарттар қысқартылды, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қарастырылды, жұмыс нәтижесіне қарай еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өтті.

Осы жаңашылдықтардың арқасында «қарапайым» азамат өзінің материалдық, әлеуметтік, жағдайы мен мәртебесіне қарамастан қалаған лауазымын иелену мүмкіндігіне ие болды, биліктің жоғары эшелонында туыстық байланыстары мен таныстарының болуы да оның жұмысқа орналасуына әсер етпейді. Қазіргі мемлекеттік қызметшілер жоғарылаған кезде де солай.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға айтарлықтай оң әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін қоғамның әлеуеті белсенді түрде пайдаланылып жатқандығын, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын қоғамдық бақылаудың күшейтілгенін атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанында қоғам өкілдерінен тұратын Арнайы мониторингтеу топтары құрылған, олардың басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды бағалау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерін алу үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысты болдырмауға арналған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 193 БҰҰ-ға мүше-елдердің арасында «электронды үкіметті» дамыту деңгейі бойынша рейтингте 29 орынға (2018 ж. – 39), ТМД елдерінің арасында – 1 орынға, Азия елдерінің арасында – 6 орынға ие.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметті "бір терезе" қағидаты бойынша алуға болады, халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы жүгіну жеткілікті.

Алдын алу шараларынан басқа, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынды.

Мысалы, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам болашақта мемлекеттік мекемелерге тек басшы лауазымға ғана емес, сонымен қатар әкімшілік персонал лауазымына да жұмысқа орналаса алмайды.

Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталды. Парақорлық үшін жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде бірден өтеуге тыйым салынды.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілік институты енгізілді. Басшы өз қарамағындағылардың іс-әрекеттері үшін жауапты болады; олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының тіркелген фактілері профилактикалық жұмыстың әлсіздігін және басшылық тарапынан бақылаудың жоқтығын куәландырады.

Сыбайлас жемқорлық-терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуімен қатар, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне аса маңызды қатерлердің бірі. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етеді: Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және т. б.

Бұл кеселге қарсы тұру-елдің әрбір азаматының міндеті!

Ақмола облысы Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы Самал Абильдина Аменова


Современные методы противодействия коррупции

В настоящее время коррупция является одной из основных проблем современного общества, напрямую влияющей на уровень жизни и достаток граждан. Ни одно государство в мире полностью не искоренило коррупцию, удается лишь снизить ее уровень. Отрадно, что наше государство активно борется с данным социальным злом, ярким подтверждением этому являются меры, принимаемые для ее сокращения.

Стоит отметить, что в 2022 года утверждена Концепция антикоррупционной политики Республики Казахстан на 2022 - 2026 годы. С момента принятия Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы, проведена колоссальная работа по минимизации коррупции в нашем государстве.

Так, законом «О государственной службе Республики Казахстан» обеспечен переход к «карьерной» модели государственной службы, внедрены принципы меритократии через механизмы открытого конкурсного отбора, продвижения на основе компетентности. Сокращены условия для командных перемещений, фундаментально пересмотрена система оценки эффективности государственных служащих, проведено апробирование новой системы оплаты труда в зависимости от результатов работы.

Благодаря данным нововведениям у «простого» гражданина есть возможность занять желаемую должность вне зависимости от его материального, социального положения и статуса; наличие родственных связей и знакомств в верхних эшелонах власти также не влияет на его трудоустройство. То же самое касается и действующих государственных служащих при продвижении их по службе.

Введение новой системы оплаты труда для государственных служащих весьма положительно сказывается на формировании нулевой терпимости к коррупционных правонарушениям.

Стоит отметить, что для противодействия коррупции активно используется потенциал общественности, усилен общественный контроль, представленный целым рядом неправительственных организаций. При Агентстве по противодействию коррупции созданы Специальные мониторинговые группы, которые состоят из представителей общественности, главная их цель - оценка реализации Антикоррупционной стратегии.

Одним из важнейших факторов противодействия коррупции является автоматизация бизнес-процессов. Государственная программа «Цифровой Казахстан» призвана создать удобства для получения государственных услуг казахстанцев, а также исключить прямой контакт при обращении в государственные органы.

По итогам 2020 года Казахстан занял 29-е место среди 193 стран-членов ООН в рейтинге по уровню развития «электронного правительства» (в 2018 г. - 39), среди стран СНГ - 1-е место, среди стран Азии - 6-е место.

На сегодняшний день получить государственную услугу можно по принципу «одного окна», достаточно обратиться в центры обслуживания населения.

Помимо профилактических мер, также усилена ответственность за коррупцию и обеспечение неотвратимости наказания. Введен пожизненный запрет на трудоустройство на государственную службу и в субъекты квазигосударственного сектора для лиц, совершивших коррупционные преступления.

К примеру, лицо, которое ранее привлекалось к уголовной ответственности за коррупционное правонарушение, в дальнейшем не сможет трудоустроиться в государственные учреждения не только на руководящую должность, но и на должность административного персонала.

Помимо всего прочего, для осужденных за тяжкие и особо тяжкие коррупционные преступления исключена возможность применения условно-досрочного освобождения. Установлен запрет на отбытие наказания за взяточничество сразу в учреждении минимальной безопасности.

Данное нововведение является правильным и точным, поскольку имели место быть факты, когда нерадивый чиновник получал взятку, затем его приговаривали к лишению свободы; отбыв лишь часть назначенного срока, он выходил на свободу.

Введен институт персональной ответственности руководителей государственных органов, организаций, субъектов квазигосударственного сектора за коррупцию подчиненных. Руководитель несет ответственность за действия своих подчиненных; зарегистрированные факты совершения ими коррупционных правонарушений свидетельствуют о слабой профилактической работе и отсутствия контроля со стороны руководства.

Коррупция – одна из важнейших угроз национальной безопасности государства, наряду с терроризмом и снижением уровня обороноспособности страны. Неспроста данному вопросу уделяется особое внимание со стороны Президента Республики Казахстан и Правительства. Искоренение коррупции в государстве положительно сказывается на всех сферах жизнедеятельности: здравоохранение, образование, социальное обеспечение и т.д.

Противостоять этому недугу – обязанность каждого гражданина страны!

Главный специалист административного отдела Департамента юстиции

Акмолинской области Абильдина Самал Аменовна

—
21:39
298
Нет комментариев. Ваш будет первым!