Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көшетауда «Тұран тұрпатты Мағжан!» облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Көшетауда «Тұран тұрпатты Мағжан!» облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, жүрегі мен жаны, иманы мен ары – от  –  Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Тұран тұрпатты Мағжан!» облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Мәдени кештің мақсаты ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, жастардың бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіңіре отырып, қазақстандық патриотизмге, білікті де білімді жастарды тәрбиелеу, сондай-ақ, жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау. 

Құттықтау сөз ақын, М.Ғабдуллин атындағы музейдің директоры, аталмыш мүшәйрада әділқазылар алқасының төрағасы ұдайберлі Мырзабекке берілді. Алыстан ат терлетіп, кітапханаға  арнайы қонақ болып келген Солтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов та сөз сөйлеп, өңір басшысының атынан алғыс хат пен кітапхананың төрінен орын алатын Мағжанның кітаптарын сыйға берді.

Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орай жинақтаған «Ұлы есімдер ұрпақ жадында» сериясы бойынша «Тұран тұрпатты Мағжан» атты электронды басылымын таныстырып, бір данасы Мағжан елінен келіп отырған құрметті қонақ К.Оспановқа сыйға табыс етілді.

Кешті Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов «Батыр Баян» поэмасынан үзінді орындап ашқан. Мүшәйраға іріктелген он қатысушы жас ақын сахнаға шығып өлеңдерін оқығандағы ерекшелік – әділқазылар алқасы қатысушылардың өлеңдерін тек лақап аттарымен ғана көрген болатын, қай ақынды іріктегендерін сахнаға шыққанда ғана таныды.

Бас жүлдені лақап аты «Қойлыбай» жас ақын Мерген Тоқсанбай, ал бірінші орынды Қуаныш Оспан (Қақаман) иеленді. Екінші орынға ие болған екі жүлдегер Құрмет Құралхан (Үркер) және Мұхамед Қоңқаев (Шейх), үшінші орынды Қайрат Сейтқазин (Бозой), Бауыржан Рамазан (Батыр Баян), Нұрғайып Хавсамет (Тазша бала), арнайы жүлдені Ерлан Дәулетұлы (Тауұлы  Жотабек), Тоқтасын Семейхан (Асқақ Арман)  иеленді. Сонымен қатар, жүлдегер 7 жас ақынға  Кемел Оспанов Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойлық төсбелгілерін тақты. 

10:47
3412
Нет комментариев. Ваш будет первым!