Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмолалық спортшылар Ұлттық спорт түрінен жеңімпаз атанды

Ақмолалық спортшылар Ұлттық спорт түрінен жеңімпаз атанды

Ақмолалық оқушылар Ұлттық спорт түрі асық ату ойыны бойынша Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Чемпионаттың жеңімпаздары №18 мектептің оқушысы Томирис Кусаинова, М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Айжан Сабирова және Красный яр кентінің №1 мектеп оқушысы Нұрдәурен Буленбай бұл спорт түрімен бала кездерінен айналысқан. Жеңімпаздардың бірі Т.Кусаинова жарыс жайлы ойымен бөлісіп: «Алдағы уақытта Ұлттық спортты дамыту үшін тырысатын боламыз», - дейді.

Жалпы, Ақмола облысында 2001 жылы қазақ тілі мен мәдениет қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықовтың бастамасымен «Алтын сақа» жобасы бастау алған. Бүгінде асық ату спорты бойынша федерацияның президенті қалалық №11 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Самат Аукенов.

Бүгінде қаланың барлық мектептерінде асық ойынын енгізген. Өңірде аталған Ұлттық ойын түрінің «Бес асық», «Қанталапай», «Асық ату», «Үштабан» сынды төрт түрі қолға алынған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласында елорданың 20 жылдығына орай халықаралық турнир өтеді. Онда Қырғызстан, Өзбекстан сияқты көршілес елдердің спортшылары келеді деп күтілуде. Айта кету керек, турнирде Ақмола облысынан да спортшылар қатысады.

С.Аукенов бүгінде Республикалық әділ-қазылар алқасына мүше болып қабылданған. Ол енді асық ойынын балабақшалардан бастап үйрету керек деп есептейді.

Сонымен қатар, қалада ардагерлер арасында да жарыстар өткізіледі. Мәселен, өткен жылы ерлер арасында 60-70 жас, ал әжелер арасында 65-70 жас аралығында асық ату ойындары өткізіліп, қала жеңімпаздары анықталған. 

12:10
3511
Нет комментариев. Ваш будет первым!