Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында туристтік экспедиция жалғасуда

Ақмола облысында туристтік экспедиция жалғасуда

Біржан сал ауданында «Туған жерге тағзым» атты туристтік экспедиция «Кішкентай-Бұланды-Макинка-Қоғам» бағыты бойынша өз сапарын жалғастырды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Қатысушылар Кішкентай ауылының жанындағы ескерткіш басына барып, сол ескерткіштің тарихы жайлы тыңдады. Сондай-ақ, Бұланды ауылындағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арнап 1975 жылы орнатылған ескерткіш басында, сол ауылдың тұрғыны, аталған ескерткіш жайлы орнату барысында құрылыстың басы-қасында болған Николай Митрофанов әңгімелеп берді.

Ал Қоғам ауылының жанындағы орман, 1978 жылы ғарышкерлер қонған алаңның, Шаймерден Қосшығұловтың туған жеріне орнатқан ескерткіш тарихы жайлы көп мәлімет берілді.

Макинка ауылынан 6,5 шақырым қашықтықтағы «Лысая гора» атты таудың басына шығып, оқушылар таудың биіктігін, орналасу ерекшеліктерін зерттеді.

Сонымен қатар, Қоғам ауылында Шаймерден Қосшығұловтың ұрпағы, қазіргі кезде «Стратегия-2050» ақпараттық агенттігінде редактор болып қызмет атқаратын Аягоз Құрмашева топ жетекшісі М.Жаманбаевтан, мектеп оқушыларынан сұхбат алды. 

11:17
3187
Нет комментариев. Ваш будет первым!