Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында кәсіпкерге жеңілдетілген дизель отынын беруден негізсіз бас тартылған

Ақмола облысында кәсіпкерге жеңілдетілген дизель отынын беруден негізсіз бас тартылған

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне ауыл шаруашылығы саласындағы әкімшілік кедергілерге тап болған Бұланды ауданының ЖШС директоры жүгінді.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылы астық дақылдарын өсірумен айналысатын бизнесменге егіс компаниясын жүргізу үшін мемлекеттік қолдау шеңберінде 15,8 тонна кепілдендірілген (жеңілдікті) дизель отыны бөлінген. Бұл ретте ЖЖМ аграршыларға ай сайын жеткізіледі.

Ақпаннан наурызға дейін фермер шетелге кету себебінен дизель отынын алу үшін арзандатылған ЖЖМ жеткізу жөніндегі операторға жүгіне алмады. Алайда, сәуір айында жүгінген кезде, оператор өтінімнің уақтылы берілмегендігіне сілтеме жасай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге өткен кезеңге 6,6 тонна жеңілдікті дизель отынын беруден бас тартқан.

Департамент Ауыл шаруашылығы басқармасының, оператордың және ЖШС-нің қатысуымен кездесу өткізіп, екі ай ішінде ЖЖМ жеткізуден бас тартудың негізсіз екенін анықтады.

Нәтижесінде кәсіпкер дизель отынының қажетті кепілдендірілген көлемін жеңілдетілген бағамен алып, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты жалғастыра алды.

14:35
173
Нет комментариев. Ваш будет первым!