Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Бурабайда республикалық семинар өтті

Бурабайда республикалық семинар өтті

Ақмола облысының Бурабай ауданында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дүниежүзілік банкімен бірігіп «Әлем» және «Әлем+» қонақ үйлерінде атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асырудың алдын ала қорытындысы бойынша және 2018 жылдан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті енгізу тәжірибесімен алмасу жөнінде республикалық семинар  өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Семинар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Дүниежүзілік банкінің,  Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, республиканың барлық өңірлерінен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының қатысуымен өтті.

2014 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта «Өрлеу» жобаны жүзеге асыру бойынша Дүниежүзілік банкінің кеңесшісі К.Манабаева сөз сөйлеген. Ал, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек Департаментінің басшысы А.Абдрахманова а.ж. 4 ай ішіндегі жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша алдын ала қорытындысын айтып өтті.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Дүниежүзілік банкінің өкілдерінен басқа ілеспе баяндамашы ретінде облыстық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары да дәріс оқыды. 

16:17
3155
Нет комментариев. Ваш будет первым!