Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында балалардың жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылмақ

Ақмола облысында балалардың жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылмақ

Жаз маусымы басталысымен оқушылардың арманына арқау болатын демалыс орындары мен балалар лагерьлері өз жұмыстарын бастайды. Осы орайда, Жарқайың ауданында оқушылардың 99,6 пайызы жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру ерекше бақылауға алынды.  Демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жұмыстары биыл екі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі — балаларды және жасөспірімдерді сауықтыру, екіншісі — демалыс және жұмыспен қамту бағыттары.

Жаз айларында оқушыларды жұмыспен қамту түрлері қарастырылған. Мәселен, 546 бала абаттандыру бригадаларына, көгалдандыру, жөндеу-құрылыс, басқа да еңбек жасақтарына жіберілмек. 250 оқушыны түрлі аула клубтары мен үйірмелерге, қосымша білім беру ұйымдарындағы жазғы алаңдарға шығармашылыққа тарту жоспарланған.

Биыл Жарқайың ауданында 5-8 сыныпта оқитын 540 оқушыны «Ақ қайың» жазғы сауықтыру лагерінде демалыспен қамту жоспарланып отыр. 939 бала мектеп жанындағы лагерьлерде тынығатын болады. Оқушыларға үш тілді меңгерту мақсатында мектептер жанынан тілдік курстар жұмыс істейтін болады. Бұл курстарда 686 оқушы тіл үйренеді. Сондай-ақ, өлкенің тарихи орындарына бір күндік саяхат ұйымдастыстырылып, бұл танымдық іс-шарамен 554 оқушы қамтылады.

Жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының денсаулығын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы тұрғыда ағымдағы жылы 88 ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Ақ қайың» жазғы сауықтыру лагерін жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл игілікті іске кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, ауданның ұйымдары мен мекемелері арнайы сенбіліктер ұйымдастыруда. 

18:11
3125
Нет комментариев. Ваш будет первым!