Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмолалық кәсіпкерге жарты жылдан астам уақыт бойы жеткізілген тауардың ақысы толық төленбеген

Ақмолалық кәсіпкерге жарты жылдан астам уақыт бойы жеткізілген тауардың ақысы толық төленбеген

Щучинск қаласының кәсіпкері алты айдан астам уақыт бойы «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнына жеткізілген кеңсе тауарларының толық төлемақысын ала алмаған.

Ол мәселесін шешу үшін облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүгінді.

Жылумен жабдықтаушы ұйым жеке кәсіпкермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны белгілі болды. Тауар толық көлемде жеткізілгенімен, тапсырыс беруші 109 274 теңге сомасында қаражатын төлеуге асықпады.

Департамент уәкілетті органдарға ұсынымдар жібергеннен кейін кәсіпорын ЖК-ға жеткізілген тауар үшін ақшалай қаражат төледі.

Фото: newshub.kz

17:12
152
Нет комментариев. Ваш будет первым!