Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы драмалық спектакль көрсетілді

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы драмалық спектакль көрсетілді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Мәдениет басқармасының қолдауымен Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Емтихан» спектаклі көрсетілді.

Драматург Л.Разумовскаяның әйгілі пьесасы негізінде спектакльдің сюжеттік желісі мектеп түлектері мен математика мұғалімі арасындағы келіспеушілікті баяндайды. Емтиханда бес бағасын алғысы келетін оқушылар кешке мұғалімге оны туған күнімен құттықтауға келеді. Алайда, шын мәнінде, олар емтихан жұмыстарын сақтайтын сейфтің кілтін алуға тырысады. Мақсатына жету үшін олар жалпы қабылданған моральдық нормаларға қарамастан, ештеңеге тоқтамайды. Ал әділ тәлімгер жасөспірімдердің қорлығына қарамастан, барынша жанкештілік көрсетуге және аға буын қағидаттарын басшылыққа ала отырып, олардың көзқарасына әсер етуге тырысады.

Шығарма мейірімділік пен зұлымдық, ұрпақтар қақтығысы, адами құндылықтарға қарсы тұру тақырыбындағы маңызды мәселелер қозғайды, көрерменді қазіргі күнгі адами құндылықтар мен өмірлік принциптердің маңыздылығы туралы ойландырады.

Спектакльді тамашалаған өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Арман Рахимов пьеса бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті. Өйткені, қазіргі жастарға қандай құндылықтар берілетініне назар аудару өте маңызды.

«Ерте балалық шақтан бастап өскелең ұрпаққа әдептілік пен адалдықты, патриотизмді, білімге және адал еңбекке деген ұмтылысты тәрбиелеу қажет. Сондықтан мұндай театр қойылымдарының кеңінен таралуы жастардың адамгершілік құндылықтарына пайдалы әсер етеді», - деп өз пікірімен бөлісті Департамент басшысы.

Айта кету керек, спектакльді тамашалаған көрермендер, оның ішінде студенттер мен мектеп оқушылары қойылымды жоғары бағалады. «Емтихан» спектаклін облыстың барлық өңірлеріне тарату жоспарлануда.

Жалпы, Департамент түрлі іс-шаралар, соның ішінде театр қойылымдарын көрсету арқылы жастар арасында парасаттылық құндылықтарын насихаттау мен тәрбие жұмысын жүргізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыруға үлкен мән береді.

11:06
171
Нет комментариев. Ваш будет первым!