Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетауда үздік отбасылық клуб анықталды

Көкшетауда үздік отбасылық клуб анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Көкшетау қаласы №1 Құрылыс техникалық  колледжінде білім беру ұйымдары арасында «Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» тақырыбында облыстық  конкурсы  өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Аталмыш іс-шара Ақмола облысында отбасылық клубтың қарым-қатынасын көрсету және ұйымдастыру (үздік отбасылық қарым-қатынас клубын анықтау) үшін өткізілді.

Ең үздік отбасылық қатынас клубтарын анықтау, отбасылық ойын-сауық ұйымдарының жаңа түрлерін дамыту және тарату, шығармашылық  үшін қолайлы жағдайлар жасауды іске асыру, отбасының бірігуі және  отбасылық үйлесімдік арқылы шығармашылық ынтымақтастыққа ықпал жасау конкурстың басты міндеттері болып табылды.

Отбасылық қарым-қатынас клубы отбасылық клубтың жұмыс жоспарына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді іске асыру, шығармашылық, танымдық клубтар ашу (жұмыс бағыттарын көрсету, кабинетті  жабдықтау), психологиялық қызметтің жұмысы (болмауы/болуы), жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық сияқты бірнеше критерийлер бойынша бағаланды.

Жалпы, конкурс 3 кезеңнен тұрды: бірінші, «Үздік  отбасылық қарым-қатынас клубы» клубының презентациясы, екінші, шеберлік сағат, үшінші, шығармашылық зертхана-көрме (клубтың қызметі, әдістемелік әзірлемелер, фото-бейне материалдарды, шығармашылық жұмыстарды және т.б. көрсету).

Қорытынды бойынша, Жақсы  ауданы  №1 орта мектебінің   «Отбасы – аялы алақан»  клубының жетекшісі Исмаилова Әдемі жеңімпаз атанды.

18:28
3692
Нет комментариев. Ваш будет первым!