Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары сотталды

Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары сотталды

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Көкшетау қалалық соты Көкшетау қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры М-ге қатысты айыптау үкімін жариялады.

Полиция қызметкері кәсіпкердің 49 700 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені және оны басқа орган тергеп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін пара беруге итермелегеніне кінәлі деп танылды.

Ол қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеуге 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ «полиция майоры» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: baigenews.kz

11:07
249
Нет комментариев. Ваш будет первым!